Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет92/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Ежелгі тайпа. Сабақ басында оқушыларға оқулықтағы 1-суретті мұқият қарап шығуға тапсырма беріледі. Суретті интерактивтік тақтада көрсеткеніңіз дұрыс. Оқушылар өз бетімен суретте кімдер бейнеленгені, олардың қай уақытта өмір сүргені туралы болжамын айтады, олардың сыртқы келбетін суреттейді. Киімдері және заттары бойынша олардың немен айналысқанын анықтайды. Тапсырманың бұл түрі бейнелі ойлауын және қиялын дамытады. Бұдан әрі оқушыларға мәтінді өз бетімен оқып шығуға және өз жорамалдарын мәтіндегі нұсқамен салыстыруға тапсырма беріледі. Жұмыстың мұндай түрі оқушыларға мәтінді тез және қызығып оқуына мүмкіндік береді. Содан кейін шағын әңгіме өткізуге және ғұндар, олардың тіршілігі туралы дұрыс түсінігін бекітуге болады. Оқушылардың назарын қазақтар ұлы ғұндар тайпасының ұрпақтары екеніне аудартыңыз. Оқушыларға бұл жерде ғұндар туралы үзінді көрсетуге болады.
Орындап көр. Оқушыларға қызықты іспен айналысатындарын айтыңыз. Оқушылар бұл жерде ғұндар кезінде өмір сүрген Ақ Бұғы туралы мультфильмді дыбыстайды. Оқушыларға Ақ Бұғы туралы аңызды тыңдатыңыз. Бұл үшін диктофонға қысқаша және түсінікті нұсқасын жазып алуға болады (ресурстарды қараңыз). Үлестіру материалы түрінде бес сурет (кадр) дайындаңыз. Оқушыларды бес киностудияға бөліңіз және оларға бір суреттен таратып беріңіз. Оқушылар Ақ Бұғы туралы аңыздың өзіне тиесілі бөлігін дыбыстауы тиіс. Әр топтың бір мүшесіне суреттерімен тақтаға шығып, аңызды әңгімелеуін сұраңыз. Оқушыларға өз нұсқаларын ойлап тауып, аңызды аяқтауды ұсынсаңыз болады. Оқушылар ғұндар (және басқа да халықтар) өмір сүру үшін қолайлы, жылы және мал азығы көп жақсы жерлерді іздегенін түсінуі қажет. Бұл көші-қон қоныс аудару деп аталатынын түсіндіріңіз. Оқушылардан халық қазіргі уақытта қандай жағдайда, неліктен қоныс аударатынын сұраңыз. Оқушылар өз тәжірибесінен мысалдар келтіре алады. Мысалы, адамдар жаңа пәтер сатып алғанда көшеді. Осылайша, «қоныс аудару» деген ұғым жеңіл және қолжетімді түрде жеткізіледі.
Ғұндардың қоныс аударуы. Оқушыларға картаны интерактивті тақтада көрсетіңіз немесе қабырғаға ілінетін «Ғұндардың қоныс аударуы» картасын қолданыңыз. Оқушылардан жұпта картаны қарап, «Көк меңзер нені білдіреді?», «Ол қандай бағытты меңзеп тұр?» деген екі сұраққа жауап беруін сұраңыз. Оқушылар қалауы бойынша тақтаға шығып, картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсете алады. Қоныс аудару себептері туралы тағы да естеріне түсіріп кету қажет. Тұсбағдарды қолдануға болады. Топта оқушылар тұсбағдар бойынша шығыстан батысқа дейінгі жолды анықтап, бұл бағытты сыныпта көрсетсін.
Жауабы: Көк меңзер ғұндар қозғалысын көрсетеді. Ғұндар шығыстан батысқа қоныс аударып отырған және Италияға дейін жеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет