Сабақ тақырыбы: Батырлар жырлары туралы түсінік Жалпы мақсат



бет23/98
Дата07.02.2022
өлшемі3,31 Mb.
#97075
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   98
Байланысты:
6-қазақ әдеб ҚМЖ

Кітапппен жұмыс: Кітаптан Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін мәнерлеп оқиды.
Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.Өлеңді оқи отырып, ақын ақын суреттеуінен қандай әсер алдыңдар? Абай өлеңінде аттың сыны қандай сөздермен айшықталған?
Абай суреттеуіндегі аттың сыны сөз өнері болғанда, суреттегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?



IV.Шығармашылық жұмыс

Жүйрік баптап, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болған. Бұл өлеңде Абай бәйге атының мүсінін берген. Ат сипатын беретін әрбір сөзге тоқталатын болсақ, мысалы, «жауырыны етсіз тақтайдай - ақ» деген өлең жолына үңілейікші. Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін емес. Сол себепті де жауырынды етсіз тақтайға теңеуі ақынның шындығы болып келеді. Немесе «арты талтақ» деген суреттеме бар. Бәйге артының қолтығы, саны ықшам болып, бір - біріне жабысып жатса, шапқан кезде адымы ашыла ма? «қоян жақ», «қой мойынды» деген суреттемелер қаз - қалпында алғанда тым қарапайым - ақ. Ал қоянның жағы – ол қураған етсіз жақ. Жүйріктің жағы майлы болып келмейтінін ақын осы «қоян жақпен» беріп отыр. Осылайша әрбір бейнелі сөзге түсінік беру керек.
3 топқа тапсырма беру. 
Дәптермен жұмыс 1 - кесте
Өлеңнің алғашқы шумағынан дене мүшелерін тіркескен сөзімен теріп жаз
Шоқпардай кекіл, қамыс құлақ, қой мойын, қоян жақ, бөкен қабақ, ауыз омыртқа, майда жал, ой желке
Осы сөздерден омоним болатын сөздерді тап, мысал келтір
Қой
1. Қорада қой су ішіп тұр
2. Кітапты орнына қой
Ой
1. Оның ойы ұшқыр
2. Ауыл ойға қарай қоныс тепті
Жақ
1. От жақ
2. Адамның дене мүшесі
3. І, ІІ, ІІІ жақ

Тіркескен сөздердің ішінен тасымалдауға болмайтын сөздерді тап
Қой
Жақ
Ауыз
Жал
Ой
2 - кесте Өлеңнен жылқының дене мүшелерін теріп, жаз
Жауабы: кекіл, құлақ, мойын, жақ, қабақ, ауыз омыртқа, жал, желке, мұрын, ерін, тіс, қабырға, жота, омырау, төс, бақай, тұяқ, шынтақ, аяқ, жауырын, сауыр, мықын, құйрық, қыл, ұршық, сан, бауыр, тірсек (шідерлі), көз
Осы сөздерге сұрақ қой Сұрағы: не? Қай сөз табына жатады? Сөз табы: зат есім 3 - кесте «Бес жолды өлең» (жаңа сабаққа байланысты бес жолдан тұратын қорытынды шығару) 1. Кім? Не? Абай 2. Қандай? Ақылды, зерек 3. Не істеді? Оқыды, жазды, қалдырды 4. Сөйлем Абай қазақтың ұлы ақыны
5. Синоним Абай – ақын Толықтыру тесті 4 - кесте
Батырлар жырындағы, ертегілердегі батырлар Астына мінген аты
Алпамыс - Байшұбар
Қобыланды - Тайбурыл
Ертөстік - Шалқұйрық
Күлтегін - Қарагер
Кендебай - Керқұла
Жаңа сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Абай атамыздың суреттеуіндегі аттың сыны сөз өнері болғанда, суреттегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?
2. Өнердің басқа қандай түрін білесіңдер?
3. «Ат - ер қанаты» деген қанатты сөздің шығуы неліктен деп ойлайсыңдар?
4. Жылқы малы туралы қандай ән, би, күй аттарын білесіңдер?
5. Ат жайлы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
1. Ат биеден, Аруана түйеден.
2. Тұлпар шаба жетіледі, Сұңқар ұша жетіледі.
3. Ат құлыннан, Батыр баладан.
4. Ат тұяғын тай басар.
5. Аттың аты үлкен, түйенің табаны үлкен.
6. Ерге лайық ат бітеді, Қызға лайық сән бітеді.
Сонымен оқушылар, жақсы атты танып білдік пе? Өлеңнің идеясы:
ер қанаты жақсы атты суреттеу, тану.
Өлеңнің түйіні: «Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас. Разы емен осындай ат мінбесем»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет