Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»



бет1/2
Дата31.12.2019
өлшемі170,5 Kb.
#54872
түріСабақ
  1   2
Пән: Қазақ тілі

Пән мұғалімі: Айдарбекова Акгул Какеновна

Сынып: 8 «А» сынып

Айы, күні: _________

Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесі. Жалпы есім.

Сабақ мақсаты:

а) Білімділік: Повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, өзіндік ойын, сөз саптау дағдыларын дамыту.

б) Тәрбиелік: Адалдыққа, тазалыққа, адалдыққа, әділдікке, балалықтың балдәуренін түсіне білуге, адами тұлғалық ерекшелікті қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ, топтық жұмыс

Сабақ әдісі: Баяндау, салыстыру, талқылау, ой қозғау, топтастыру стратегиясы

Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта (суретті топтама, арнайы дайынд. мәтіндер),

Пәнаралық байланыс: Тарих, тіл, әдебиет.

Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу; б) Оқу құралдарын реттеу;

ә) Оқушыларды түгендеу; в) Кезекшілікті анықтау.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаянын жазып келу.

Үй тапсырмасын қорытындылау. Кластер толтырындар.


Бердібек Соқпақбаев

Топтық жұмыс: Үш топқа «Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы» туралы кестені толтыру.

І топ – қызметі

ІІ топ – шығармалары

ІІІ топ – жетістіктері




Қызметі:

Шығармалары:

Жетістіктері:

1. Ауыл мектебінде бала оқытқан

2. Алғашқы қаламгерлік жолын өлең жазудан бастаған жазушы «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен») журналында қызмет етті

3.«Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс істейді

4. «Балдырған» журналында қызмет етті

5. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болады.


1. 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған

2. Жиырмадан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынады



3. «Менің атым ‒ Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Он алты жасар чемпион», «Қайдасың», «Гауһар», «Аяжан», «Дала жұлдыздары», «Жексен ‒ жекеменшік» сурет кітапшасы жарық көреді

1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Францияда өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым ‒ Қожа» арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Құрмет грамотасымен марапатталды.


III. Жаңа сабақ:
Мұғалім: Маған бақыт сабақ өткізу сендерге,

Көріп тұрмын қуаныш бар жүздерде.

Балалықтың бал дәурені шат күліп,

Бәрімізге болсын серік сәттілік!
‒ Балалар, жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын «Менің атым» деген мәселеге назар аударайықшы, жалпы «Ат қою дәстүрі» дегенді немесе өздеріңе берілген есімдер туралы не айтар едіңдер? (Бірнеше оқушы өзінің есімінің туу тарихымен таныстырады). (Бір оқушы «Ат қою дәстүрі» туралы мағлұмат береді)

Ат қою дәстүрі әдет-ғұрыпқа жатады. Қазақ балаға атты әр түрлі ырымға сүйеніп қойған. Мысалы, баласына соған тартсын деп бір жақсы адамға ат қойғызған, немесе жақсы адамның атын қойған. Мысалы, Абылай, Абай, Шокан, т.б. белгілі, даңқты адамдардың атын берген. Немесе Алдаберген, Қүдайберген, Тілепалды деп қойған. Мұндай аттарды ұзақ күткен, әулие-әнбиелердің басына түнеп тілеп алған балаларға қоятын.
‒ Иә, балалар, осылайша ат қою дәстүрі сақталған ба? Ал Қожаның кезінде ырымшыл қазақ халқының шілдехана тойында ат қою дәстүрі сақталыпты. «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген»,-дейді кейіпкер. Бұл кім балалар? (Ол Қожаберген).
Қосымша ақпарат: Балалар, алғашқыда автор Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повестің «Өзім туралы повесть» деп атаған екен. Себебі, повестегі барлық оқиға желісі Бердікбек Соқпақбаевтың өз өмірімен тікелей байланысты екен. «Менің атым Қожа» повесі орыс, француз, украин, литва, латыш, молдаван тілдеріне аударылған. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясында экрандалған. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.
«Повесть» деген не? Баяндау түрінде қарасөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін повесть (хикаят) деп атайды. Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақ, романнан қысқа болып келеді. Повесте оқиғалар жинақы, сюжеттік желісі бір арнада ғана өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды.
Қызығушылықты ояту

Ой қозғау стратегиясы:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет