Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі170,5 Kb.
#54872
түріСабақ
1   2
І кезең.

Өзара топқа бөлінген оқушыларға: «Сыр сандықтан» топ басшылары өздеріне берілген тақырыптарды алады.

«Сыр сандықтан» мұғалім алғашқы сауалды алып шығады: «Қожа» деген кім?


  1. «Қожаның ісі дұрыс па?»

  2. «Қожаның ісі дұрыс емес» 3 топқа ортақ қойылатын сұрақ


«Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.

Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы, Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа - ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөніл бала.



ІІ кезең.

Қожа повестінің басты кейіпкері.

  1. Қожа алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді бала

  2. Қожа өтірікші, қызба, сотқар, тентек, мақтаншақ бала

Пікірталас ( 3 топ өз тұжырымдарын дәлелдейді)

ІІІ кезең. Қорытынды:

І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа

ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді

ІІІ топ - Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен


Грамматикалық тақырып: Жалпы есім.
Зат есімнің жалпылай немесе жекелей аталуына қарай екіге бөлінеді.

  1. Жалқы есім (собственные)

  2. Жалпы есім (нарицательные)

Біртектес атаулардың өз ішіндегі жекелеген (собственные) атауы. Асан, Абай, Қарағанды т.б.

Біртектес заттардың жалпы (нарицательные) атауы. Кісі, өзен, тау, қала т.б.


IV кезең.

Дәптермен жұмыс: Үш топқа мұғалім дайындаған шағын мәтінмен жұмыс жүргізіледі.

Тапсырма:

А) мәтінді оқу, түсінгендерін айту.

Ә) мәтіннен жалқы есімді тап

Б) мәтіннен жалпы есімді тап


…Менің атым Қожа. Қожа деген ат, байқаған шығарсыз, пәлендей тамаша ат емес.

Шынын айтсам, Қожа емес, Қожаберген. Бүгінде «Қожасы» қалып , «бергені» түсіп қалыпты. Ал ол қашан , қалай түсіп қалғаны ешкімнің есінде жоқ.

Біз бір класста екі Қожамыз. Оқушылар бізді шатастырмау үшін, мені – қара Қожа деп атайды. Фамилиям- Қадыров.

Ал енді сырт бейнеме келетін болсам, мынау, міне- мұрным. Әжем мені «тәмпіш мұрын» дейді. Екі шекем шығынқы, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ. Ал шашым ше? Шаш емес, тікенек қой.



Бойымды біреулер: «Орта бойлы»,- дейді. Әжем болса: «Әкен сияқты сұңғақ боласын»,- дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде, бір жүз отыз тоғыз сантиметр болған едім. Егер шашым болса, жүз қырық болуы сөзсіз еді. Тақыр бас жүргеннің осындай залалы да бар.
V Бекіту кезеңі:

Венн диаграммасы


Қожа


VІ. Қорытынды кезеңі:
Тест тапсырмасы:

  1. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты?

А) «Қожаберген» С) «Менің де атым Қожа»

В) «Өзім туралы повесть» Д) «Балалық шаққа саяхат»

2. Қожаның шын аты кім?

А) Қожабай В) Қожаберген С) Қожатай Д) Қожаберді

3. Жанардың фамилиясы?



А) Балабекова В) Майқанова С) Қадырова Д) Тұрсынбаева

4. «Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?

А) Сұлтан В) Анасы С) Ахметов Д) Майқанова

5. «Ағаттықтың азабы» бөлімінде не туралы айтылады?

А) Орыс тілі сабағына дайындалмай келуі

В) Тәртібінің педкеңесте қаралуы

С) Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы

Д) Лагерьге жолдама үшін мұғалімге ренжуі

6. «Қожа, сен көшедегі иттерді тәртіпке салу үшін ауылда қалатын болдың»,- деп Қожаны келеке ететін кім?

А) Сұлтан В) Жантас С) Жанар Д) Майқанова

7. Қожаға әкесі туралы айтқан қария кім?

А) Дәуірбаев В) Әжесі С) Сәйбек Д) Директор

8. Жеке бас құпия кеңесін өткізген кім?

А) Сұлтан В) Қожа С) Жанар Д) Жантас

9. Қожа Майқанованы ең алғаш қайда кездестіріп еді?

А) Мектепте В) Көшеде С) Дүкенде Д) Жиналыста

10. А.С.Пушкиннің «Қысқы кешін» өте жақсы жаттап айтқан оқушы кім?

А) Ешкім В) Жанар С) Жантас Д) Сұлтан

VІI. Бағалау кезеңі: Әр топ спикерінің бақылауы арқылы жұмысты орындауы мен қатысымы бойынша бағалау.

VIІI. Үй тапсырмасын беру: 1. «Менің арманым ... » тақырыбына шығарма жазыңдар
Бағалау парақшасы:




Оқушының аты-жөні:

I.Үй тапсырмасы

(Топтық жұмыс, әр жауап 1 ұпай)




I кезең:

II кезең

III кезең

IV Мұғалім дайындаған шағын мәтінмен жұмыс жүргізіледі



V Бекіту кезеңі

VІ. Қорытынды кезеңі. Тест



Қоры-тынды

ұпай


1.Қожаның ісі дұрыс


2.Қожа-ның ісі дұрыс емес


Қожа

алғыр, ақылды, мейірім-ді, әділ бала




Қожа өтірікші, қызба, сотқар, мақтан-шақ бала


Жақсы бала жеткізеді мұратқа



Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді


Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

1







































2









































3









































4









































5









































6










































Сұрақ жауабына мұғалім:

5 ұпай – дұрыс жауап;

4-3 ұпай – орташа жауап;

2-1 ұпай – жеткіліксіз жауап





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет