Пән: Қазақ тілі
Орта мерзімді жоспар бөлімі:
6-бөлім: Атақты тұлғалар
Күні:
Сынып: 3-сынып
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны: 26
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақ тақырыбы
|
Болымды және болымсыз етістік
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар жасай алады:
•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
|
Бағалау критерийлері
|
• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.
• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Оқушылар қазақ билер, ақын–жазушылары мен күйшілері жайлы мәліметпен таныса келе, мәтін мазмұнын түсінуге, болжам жасауға және пікір білдіруге дағдыланады. Сондай-ақ қатемен жұмыс жасауға үйреніп, каллиграфиялық жазу дағдысына төселеді.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану, қазақ тілі.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
|
Ресурстар
|
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.
1-топ «Бақыт жалаулары»
2-топ «Арман жалаулары»
3-топ «Қуаныш жалаулары»
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Сұрақтар сандықшасы.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
|
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
|
Сабақтың ортасы
|
3.1.2.1 (МК; Т; Қ) Мәтіннің тақырыбы бойынша мазмұнын болжау. Мәтінді тыңдау. 42-жаттығу. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады.
Мәтіннің тақырыбы бойынша мазмұнын болжайды. Мәтінді тыңдайды.
(Т; Қ) Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.
Оқулықта берілген сұрақтарды топта талқылайды. Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің мазмұнын түсінеді.
3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Ретін сақтап мақалды оқу. Мақалды көшіріп жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
43-жаттығу. Ретін сақтап мақалды оқу. Шыққан мақалды жазу (Адам елінде, қоға көлінде көгерер). Мақалдың мағынасына талдау жасау.
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
Ой сергек!
Кел, балақан, балақан, Шапалақта алақан. Жай, жай, жай, Шапалақта алақан, Шапалақта алақан. Қозғап барлық денеңді, Қолды қатты соқ енді. Сарт, сарт, сарт, Қолды қатты соқ енді, Қолды қатты соқ енді.
3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Өлеңді қатесін түзеп, көшіріп жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
44-жаттығу. Өлеңді оқып, қатесін түзеп, көшіріп жазады.
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
(Т) Түрлі дереккөздерден ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Тақырып мазмұнына сай материалдар жинақтап, алдын ала дайындалған сынып бұрышымен жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылар топта сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны, ескерткіші, мешіті туралы ақпаратты дереккөздерден тауып оқып, талдау жасайды.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты орындау және оны қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді және қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды.
Үлгі:
тапсырманы орындау барысында тақырыптан ауытқымау;
интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.
(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеу. Сұрақтарға жауап беру.
Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|
Сабақтың соңы
|
(Ө; Қ) Сәйкестендіру.
Тақырып бойынша оқушылардың игерген білім- деріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дәптерде берілген тапсырманы оқиды. Сызбаларды сәйкестендіреді.
(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеу.
Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстар- ды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нәтижелері топта жарияланады.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
«Білім сандығы» кері байланыс.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Түрлі түсті
суреттері бар
журналдар,
флипчарт, желім
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген
кезеңінде қолданыла алады.
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
|
Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылат ын
Қауіпсіздік техникасы
ережелерінің тармақтары.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
қажет?
|
Достарыңызбен бөлісу: |