Диффузиялық күйдіруде болатты Ас немесе Ас нүктелерінен 30-50º жоғары температураға дейін қыздырып, сол температурада ұзақ уақыт ( ондаған сағат ) ұстап, 800-850ºC-қа дейін пешпен бірге, сонан соң ауада суытады. 2.Нормальдау.Металды Ас немесе Ас нүктелерінен 30-50ºCжоғары температураға дейін қыздырып, сол температурада белгілі уақыт ұстағаннан кейін ауада суыту арқылы өңдеуді нормальдау дейді. Қыздырған кезде болаттың структурасы аустенитке айналып, суынғанда, күйдіргендегі сияқты, оның структурасындағы көміртегінің мөлшеріне байланысты ферритперлитке немесе перлит-цементитке айналады.
2. Нормальдау процесінде болаттың суыну температурасының дәрежесі жоғары болғандықтан жоғары дисперциялы перлит түзіліп, эвтектоид ертісіндегі перлиттің мөлшері артады.Сондықтан нормальданған болаттың күйдірілген болатқа қарағанда қаттылығы мен беріктігі жоғары болады.Нормальдау болаттың тығыздығы мен ішкі кернеуін жою үшін, орташа мөлшерлі көміртекті болатттардың механикалық қасиеттерн арттыру және болатты одан әрі өңдеуге (термиялық өңдеу, штамтау, механикалық өңдеу т.б.) дайындау үшін қолданады.