Түйіршікті перлитке күйдіруде болатты 750-780ºC-қа дейін қыздырып, сол температурада біраз уақыт ұстағаннан кейін баяу жылдамдықпен суытады.Термиялық өңдеудің бұл әдісі эвтектоидқа дейінгі және одан кейінгі болаттардың структурасын түйіршікті перлитке айналдыру, пластикалық қасиетін арттырып, қаттылығы мен беріктігін кеміту үшін қолданылады.Бұл әдіспен құрал-саймандар жасауға арналған болаттар өңделеді.
Изотермиялық күйдіреуде болатты Ас нүктесінен 20-40ºC жоғары қыздырғаннан соң, Аz нүктесінен 500-200ºС температураға дейін тез суытып, сол температура аралығында белгілі уақыт ұстап, белгілі жылдамдықпен суытады.Өңдеудің бұл түріне кететін уақыт толық күйдіруге қарағанда әлдеқайд аз.