Сабақ тақырыбы: Бөлшектерді термиялық және жылу әдістерімен жөндеу



бет8/9
Дата08.02.2022
өлшемі25,59 Kb.
#123521
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
15 саб тех кызм

3.Шынықтыру (суару). Металды кризистік нүктеден 30-50ºC жоғары қыздырып, сол температурада біраз уақыт ұстағаннан кейін үлкен жылдамдықпен суытуды шынықтыру дейді.Осының нәижесінде болаттың қаттылық, беріктік, үйкеліске беріктік қасиеті артады. Шынықтыру толық шынықтыру және шала шынықтыру болып екіге бөлінеді.
Қыздыру температурасы болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшеріне байланысты болады. Эвтектоидқа дейінгі болаттардың структурасы феррит пен перлиттен тұрады. Осы болаттың Ас нүктесінен жоғары температураға дейін қыздырсақ, оның структурасы аустенитке, ал кризистік жылдамдықпен суытсақ мартенситке айналады. Металды термиялық жолмен осылайша өңдеу әдісін толық шынықтыру деп атайды. Термиялық өңдеуде суытқыш орта ретінде су, ауа, майлар және тұздар ерітіндісі пайдаланады. Көміртекті шойындардың кризистік суыну жылдамдығы жоғары болғандықтан, аустениттің тұрақсыз күйіне сәйкес, температура аралығында оларды үлкен жылдамдықпен суыту үшін суытқыш орта ретінде су қолданылады. Суда шынықтырылған шойынның кемшілігі оның майысатындығында және онда сызаттар мен ішкі кернеулердің пайда болуында. Осы кемшіліктерге жол бермеу үшін шойынды суыту жылдамдығы әр түрлі ортада суытады. Шынықтыру әдісі мынадай түрлерге бөлінеді: бір суытқыш ортада шынықтыру, үзілісті шынықтыру, сатылы шынықтыру изотермиялық шынықтыру, жергілікті шынықтыру. Бір суытқыш ортада шынықтыру термиялық өңдеудің басқа түрлеріне қарағанда техникада жиі қолданылады. Термиялық өңдеудің бұл түрінде болат белгілі температураға дейін қыздырылып, сол температурада біраз уақыт ұсталғаннан соң, белгілі ортада (су, май) кризистік жылдамдықптан жоғары жылдамдықпен суытылады. Металды бірден әр түрлі суыту орталарында шынықтыру арқылы өідеуді үзілісті шынықтыру деп атайды. Шынықтыру температурасына дейін қыздырылған болатты аустениттің тұрақсыз күйіне сәйкес температура интервалынан тез өткізу үшін мартенситті өзгеріс температурасынан жоғары температураға дейін майда суытады. Сатылы шынықтыруда шынықтыру температурасына дейін қыздырылған болат мартенситтің өзгеріс температурасынан шамалы жоғары температураға дейін қыздырылған ортаға салынып, біраз уақыт ұсталғаннан кейін, ауада баяу жылдамдықпен суытылады. Соның нәтижесінде болаттың структурасы аустенит мартенситке айналады. Изотермиялық шынықтыру сатылы шынықтыруға ұқсас, айырмасы тек мынада ғана: аустенит цементит-феррит қоспасына ( сорбит, тростит) немесе ине тәрізді троститке ( бейнитке ) айналу үшін болатты қыздарған ортада, аустениттің изотермиялық өзгеріс температурасынан төменгі температура аралығында суытады. Изотермиялық шынықтыру 250-400ºС температурада жүреді. Изотермиялық әдіспен шынықтырылғын болаттың механикалық қасиеті оның структурасына байланысты. Жергілікті шынықтыру металдардың белгілі бөліктерін өңдеу үшін қолданылады. Термиялық өңдеудің бұл әдісінде болатты балқытылған қорғасында немесе жоғары жиілікті индукциялы пештерле қыздырады.
4. Жұмсарту. Болатты абсолют (723ºС) температураға дейін қыздырып, қайта суытуды жұмсарту дейді. Жұмсарту металдың түріне байланысты әр түрлі температураға дейін қыздыру арқылы жүргізіледі. Нәтижеде металлдың қаттылығы, беріктігі, үйкеліске беріктігі төмендеп, тұтқырлығы мен пластикалық қасиеттері жоғарылайды. Жұмсарту, қыздыру температураға байланысты төмен температурада (200Сº), орташа температурада (200-300ºС) және жоғары температурада (500-550ºС) жұмсарту болып үшке бөлінеді. Төмен температурада жұмсарту нәтижесінде болаттың ішкі кернеуі жойылады, орташа температурада жұмсартуда болаттың ішкі кернеуі жойылып, қаттылығы мен берікітігі төмендеп, пластикалық қасиеттері жоғарылайды. Жоғары температурада жұмсартылған болаттың структурасы сорбитке айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет