Сабақ тақырыбы: Бөлшектерді термиялық және жылу әдістерімен жөндеу



бет9/9
Дата08.02.2022
өлшемі25,59 Kb.
#123521
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
15 саб тех кызм

5. Химия-термиялық өңдеу. Химия-термиялық өңдеу деп болаттың беттің химиялық құрамы мен құрылысын және қасиетін өзгертетін термиялық өңдеуді айтады. Химия-термиялық өңдеуен өткен болат бетінің қасиеті ( қаттылығы, үйкеліске беріктік т.б. қасиеттері) артады. Химиялық-термиялық өңдеу цементтеу ( цементация ), азоттау, циандау және диффузиялық металдау болып бөлінеді.
Төмен көміртекті болат бетін 1123-1223ºК (850-950ºС ) температурада көміртекті ортада (карбюризатор) көміртегімен қанықтыруды цементтеу деп атайды. Бұл процесс қатты, сұйық, газ тәрізді карбюризаторларда жүргізіледі.
Азоттау процесі 773-873ºК (500-600ºС) температурада аммиак (NH) атмосферасында жүргізіледі. Бұл температурада аммиак мына 2NH=2N+3H реакциясы бойынша ыдырайды, Нәтижеде бөлінген азот атомы болаттың бетіне енеді. Азоттау процесі шынықтыру, жұмсарту, механикалық өңдеу, кейде шлифтеу процестерінен кейін жүргізіледі. Циандау деп металдың бетін азот және көміртегімен қанықтыру процесін айтады. Бұл процесте циандалған металл қабатының қалыңдығы 0.1-0.2мм-ге жетіп, қаттылығы, үйкеліске беріктігі, серпімділік шегі артады.
Металды циандау процесі қатты (60-80% ағаш көмірі, 20-40% сарықап тұзы), сұйық ( NaCO ,NaCl ,NaCN, Ca(CN) тұздары), газ тәрізді (70-80% табиғи газ, 20-30% аммиак қоспасы ) ортада жүргізіледі. Циандау процесі 1123-1173 ºK (850-900ºC) температурада жүргізіледі. Диффузиялық металдау процесінде болаттың беті алюминий, хром, кремний, бор, бериллий т.б. элементтерімен қанықтырылады. Мұндай өңдеуден өткен болаттың отқа, қышқылға төзімділігі, коррозияға, үйкеліске беріктігі артады.
5 Сабақ бойынша рефлекция:
6 Үй тапсырмасы:Конспект жазу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет