Сабақ тақырыбы: Бұрыш Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата08.09.2017
өлшемі79,33 Kb.
#30046
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ащыкөл ауылы

№132 Н. Шойбеков атындағы жалпы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Шаншарова Феруза Абдималиковна.

Қысқа мерзімді жоспар.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4.В.

Мектеп: №132. Н. Шойбеков атындағы жалпы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шаншарова Феруза Абдималиковна.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Бұрыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.3.1 бұрышты транспортир көмегімен өлшеу;

5.3.3.2 градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салу;

Сабақ мақсаттары

Барлығы: бұрыштарды транспортир көмегімен өлшеуді біледі.

Басым бөлігі: градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салады.
Кейбірі: өмірде кездесетін мысалдарда өлшеу және салу жұмыстарын орындай алады.

Бағалау критерийлері

  1. Бұрышты салады

  2. Бұрыштарды салып, транспортир көмегімен өлшейді

  3. Градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салады.

Тілдік мақсаттары

Пәнге тән лексика мен терминология: Транспортир, градус.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бұрышты қандай құралмен өлшейміз?



Бұрыштың шамасын қалай анықтаймыз?


Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, ашықтық.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, бейнелеу өнері.

Бастапқы білім

Бұрыш, бұрыштың түрлері.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс - әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 - минут

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау.

  • Оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін, назарын сабаққа аудару мақсатында, алдымен шеңберге жиналып, шаттық шеңберін орындау - «Таңғы тілек» әдісі бойынша. Мұнда оқушылар шеңберге тұрып, таңертең аналарынан қандай жақсы сөз естігендерін айтып шығады: мысалы

  • Айналайын орныңнан тұра ғой!

  • Құлыншағым таңғы асыңды іш!

  • Бүгін сабаққа кешігіп қалма. Оқушылар аналарынан, әжелерінен таңертең естіген жақсы тілектерін осылай айтып шығады және сол арқылы топтарға да бөлінеді.

1 – топ: « Айналайын орныңнан тұра ғой»

2 – топ: «Құлыншағым таңғы асыңды іш»

3 – топ: «Бүгін сабаққа кешігіп қалма»
Ширату, зейінді шоғырландыру мақсатында үй тапсырмасын «515» - әдісі бойынша сұрап өткен сабақты пысықтап, жаңа сабақпен байланыстырамын.
Өзара бағалау-уақытты үнемдеу, қызығушылығын арттыру мақсатында «Басбармақ» әдісін қолданып бірін – бірі бағалауға нұсқау беремін.





Сабақтың ортасы

25 - минут


«Жүреміз, ойланамыз» - әдісін қолданып тапсырмаларды орындату, кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Бағалау критерийлері:

  • Бұрышты салады

  • Бұрыштарды салып, транспортир көмегімен өлшейді


Дескриптор:

  • Бұрыштың төбесін транспортирдің центріне келтіреді;

  • Бұрыштың бір қабырғасы транспортирдің санақ басы көрсетілген шкалаға (0) енетіндей етіп транспортирді орналастырады;

  • Бұрыштың екінші қабырғасы өтетін шкаладағы штрихты таба алады;


«Бағдаршам»әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жасаймын.
Сергіту сәті:«Сиқырлы мозайка» тапсырмасын орындатамын.

Ү

Ы

З

І

Г

Ш

Ғ

О

Б

Е

Ж

Е

Т

І

С

І

К

Ө

Р

А

О

Н

Ы

Т

Л


«Таза тақта» әдісін қолданып оқушылардың қажеттілігіне қарай деңгейі әртүрлі тапсырмалар беремін

А. №871В. №872С. №873

Оқулық


5 – сынып математика


Сабақтың соңы

12 - минут

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне коз жеткізу мақсатында «Сәйкестендіру»әдісі арқылы сабақты пысықтаймын :


Доғал бұрыш

45°

Сүйір бұрыш

180°

Тік бұрыш

120°

Жазыңқы бұрыш

90°

Бағалау.смайликтер арқылы бағалаймын
Барлығы толық түсінбедім түсінбедім

түсінікті

Рефлексия: Не білдім? Не білгім келеді? әдісі арқылы оқушылар білгенімен және білгісі келетін жайттар жайлы өз ойларын айтады.
«Қ - қызықты

Ұ - ұнамды

С – сұрағым бар»

«ҚҰС әдісі»арқылы кері байланыс жасаймын.





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру

деңгейін қалай тексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Оқушылардың қажеттілігіне қарай «Сен маған, мен саған»,

Өрмекші торы» әдістері арқылы деңгейлік тапсырмалар орындату.


смайликтер арқылы бағалаймын

Өзара бағалау-уақытты үнемдеу, қызығушылығын арттыру мақсатында «Басбармақ» әдісі арқылы бағалаймын және «Бағдаршам» арқылы бағалаймын.



моторика

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.

Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз


Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет