Атырау қаласы
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия
Шахшаева Лиза Нагимбековна
Математика
Сабақ тақырыбы: Бұрыштың түрлері
Сабақ мақсаты: геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: тік бұрыш,сүйір бұрыш және доғал бұрыштың мәнді белгісін айқындау.
Дамытушылық: логикалық ойлауды,зейінді дамыту
Тәрбиелік: алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі:аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,ұжымдық.,практикалық..
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта,презентация,тапсырмалы карточкалар..
Сабақ барысы:
1.Алғашқы ұйымдастыру.
-Бүгінгі сабағымыз ерекше болады.Бізге көңілді сиқыршы қонаққа келді.Ол бізге жаңа ұғым үйретуге келді.Бұл сабақта есептеу дағдыларын да қайталаймыз
2.Тірек білімді өзекті ету.
-Артық фигураны кім айтады? (сәуле). Себебі?
- Ал мына қатарда қай фигура ? (үшбұрыш )
- Ал мында ше ? (Тұйықталған сызық)
-Соңғы қатарда?Сопақша
-Жарайсыңдар!
-Осы геом. фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады?
-Сызықтар,көпбұрыштар
1.Ауызша жұмыс.
Матеметикалық диктант
а) 5 ондықтан тұратын санды жаз.
12-ні 3-ке арттыр.
20 –ны 2-ге кеміт.
17 мен 3 сандарының қосындысы нешеге тең? 14 және 2 сандарының айырмасы нешеге тең?
30 дециметрді метрге айналдыр.
1 минутта неше секунд бар?
8 бен 5-тің қосындысы нешеге тең?
12 мен 7-нің айырмасын жаз.
50,15, 18,20, 12,3, 60,13,5 .
СЛАЙД 5- Ал енді өзіңді өзің бағала!
5 –қатесіз орындалған жұмыс ;
4 – 1 немесе 2 қате жіберілсе;
3 – 3 немесе 4 қате жіберілсе ;
2 – 5 немесе одан да көп қате
жіберілсе
3.Жаңа білімді түсіндіру.
1.Жаңа тақырыпқа дайындық жұмысы.
топқа бөлуге болады?
СЛАЙД 6 ҚАНДАЙ ТОПҚА БӨЛУГЕ БОЛАДЫ?
Сиқыршы: - Бұрыш дегеніміз не?
-Бұл – нүкте. Осы нүктеден екі сәуле шығады. Ол бұрышты құрайды.
-Оны қалай саламыз?
(Бір нүктеден тараған екі сәулені бұрыш дейміз)
Дәптерімізге бұрыш салайық.Ол үшін алдымен нүкте қоямыз.Енді осы нүктеден екі сәуле жүргіземіз.Сәулелер бұрыштың қабырғасы болады.
8 слайд Сиқыршының сандығы
- Қандай заттардың бұрышы болады екен?Қазір оны сиқыршының сандығын ашқанда көреміз
Бұрыштың түрлері
-Бұрыштар жөнінде қандай қорытынды жасауға болады?
9 слайд«Бұрыштарға ат қою» ойыны
10 слайд Бұрыштарды салыстыру
11 слайд Қай бұрыш тік?
- Оны қалай анықтаймыз?
- Мынау-тік бұрыш.Олсүйір бұрыштан үлкен бе ,кіші ме ? Тік бұрышты үшбұрыш сызғыштарыңмен өлшыңдер,шынымен де солай ма? Қалай өлшейміз? (Оқушылар тік бұрышты үшбұрыш сызғыштарымен бұрыштарды өлшейді).
12 слайд Қ о р ы т ы н д ы : Сүйір бұрыш тік бұрыштан кіші.Доғал бұрыш тік бұрыштан үлкен.
Сергіту минуты
4.Білімді бастапқы бекіту.-
14 слайд
Практикалық жұмыс-
Тік бұрышты салу
1.Сызғыш пен
қарындашты аламыз.
2. Мен сияқты сызғыштың сыртын жүргізіп шығамыз.
15 слайд;; Сүйір бұрыш – тік бұрыштан кіші .
16 слайд сүйір бұрышты салу
Сүйір бұрышты сызамыз
1. Сызғыш пен қарындашты аламыз.
2. Мен сияқты сызғыштың сыртын жүргізіп шығамыз.
3.Сосын мен сияқты тағы бір сызық жүргіземіз.
Сүйір бұрыш – тік бұрыштан кіші .
17 слайд Доғал бұрыш – тік бұрыштан үлкен.
18 слайд Доғал бұрышты саламыз
1. Сызғыш пен қарындашты аламыз.
2. Мен сияқты сызғыштың сыртын жүргізіп шығамыз.
3.Сосын мен сияқты тағы бір сызық жүргіземіз.
19 слайд Оқулықпен жұмыс
№1.Тік бұрыштардың сүйір бұрыштардың доғал бұрыштардың нөмірлерін теріп жазу.
Тік бұрыштар:1,4
Сүйір бұрыштар:2,7
Доғал:3,75,6,
20 слайд Ауызша есеп Моншақ тізу
6.Өткен тақырыпты бекіту.
21 слайд .№2 есепті шығару.
2 оқушы тақтада есеп шығарады,қалғандары дәптерлеріне орындайды.Қайсысы жеңетінін байқайық.
Таба нан – 65 тг.
Батон - ? 5 тг.арзан
Барлығы - ? тг
Шешуі: 65-5 = 60 (тг.)
Жауабы: Батон 60 теңге тұрады.
Шешуі:
65+(65-5) = 125 (тг.)
Жауабы: барлығы 125 теңге тұрады.
22 слайд Сөйлемді аяқта:
№4.Өз бетінше жұмыс (карточкамен жұмыс)
«Тапсырмасы бар карточкалар.
23 слайд Есте сақта!
Бұрыштың түрлері
Тік сүйір доғал
24 слайд Сызғыш пен үшбұрыштан басқа бұрыштарды дәл салу үшін транспортир деген құрал қолданылады. Транспортир- градустері бөліктерге бөлінген сызғыш
90° - тік бұрыш
0° ден 90° - сүйір бұрыш
90° артық болса - доғал бұрыш
7.Рефлексия.
25 слайд Жалғастыр Қалған бұрыштарының біреуі тік,
екіншісі сүйір, үшіншісі доғал
болатындай етіп төртбұрышты салып бітір.
26 слайд Бұрыш – бір нүктеден тараған екі сәуледен құралған геометриялық фигура.
27 слайд – Қайдан,қандай заттарда бұрыштар болады?
Сіздер күнде көріп жүрген бұрышты заттар
28,28,30 слайдтарТөртбұрышты үстелдің бетінің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?
31 слайд8.Үйге тапсырма: 95- бет №5,№6
32 слайд«Математикалық баскетбол» ойыны
33 слайд- Өткен сабақтан кейін көңіл күйлерің қалай?
Мен сабақта жақсы жұмыс жасадым.Өзіме сенімді болдым.
Мен сабақта жақсы жұмыс жасадым,бірақ маған әлі де көмек керек
Мен сабақта аз жұмыс жасадым.Мен ұялып отырдым.
- Қай тапсырманы бәрінен шебер орындадыңдар?
-Жарайсыңдар!Осы сабақ үшін бәріңе рақмет.
Достарыңызбен бөлісу: |