2. Психологиялық ахуалды жақсарту Мен саған ... тілеймін. «Жүректен-жүрекке»
Әр оқушы тілектері жазылған жүрекшелерді арналған оқушыларына сыйлайды және жүрекшеге жабыстырады
Сабақтың ортасы
3. Жаңа сабақ Видео ролк
Денсаулық дегеніміз-адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі.Денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап,оны нығайту әрбір адамның өзіне байланысты.
Видео ролктен коргені жайлы оқушылар жаңа сабақты ашады
Оқушылардың денсаулық-тазалық кепілі атты тақырыпқа (көрініс)
Сапаркүл : Адам денсаулығы-қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып,еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.Халқымыз «Дені саудың-жаны сау» деп орынды айтқан.Отанымыздың келешегі,көркеюі біздің қолымызда.Сондықтан біздің таңдауымыз-салауатты өмір салты.
Жанкелді : Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру
Динара : Денсаулық дегеніміз-адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі.Денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап,оны нығайту әрбір адамның өзіне байланысты.
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.