Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы
№67 «Т.Тәжібаев»атындағы бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Каналиева Гулпаршин
Ашық сабақ
Тақырыбы:«Ә ә дыбысы мен әрпі»
Орындаған: Каналиева Гулпаршин
Қабылдаған: Анарбаева Д.А.
2015-2016 оқу жылы
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ә ә дыбысы мен әрпін таныту, сөздерге дыбыстық талдау
жасауға үйрету. Ә әріптерін сөз ішінен табу, әріп элементерін
дұрыс жазуға, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылығы: тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын молайтып,
байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әріптер, плакаттар, суреттер, шарлар, гүлдер.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу, партаға дұрыс отырғызу, оқу
құралдарын даярлату, сабаққа назарын аудару.
Психологиялық дайындық.
Біздің өлеңіміз: Үлкенге де сіз.
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Дәптерден үй тапсырмасын тексеру.
Кеше қандай дыбыс пен әріп өттік.
Олай болса «І» дыбысына байланысты сұрақтар
қоямын.
Қарлығаштың балапандарын жыланнан құтқарайық. 1-ші сұрағым?
І дыбысы қандай дыбыс?
І дыбысына байланысты 3 сөз айт.
Оқулықтан суыр жайлы оқы?
Оқулықтан тоты жайлы оқы?
Оқулықтан аралар жайлы оқы?
Ал енді, сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер мына алма ағашынада көмектесейік. Алма ағашы күз мезгіліне лайық болу қажет. Алмалары пісу керек.
Қазақ тілінде неше әріп бар?
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Дыбыс нешеге болінеді?
Дыбыстардан не құралады?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз айларын атаңдар?
Күз қандай ай?
Күз мезгілдерінде қандай мерекелер бар?
«Ойын» ойнайық «і» дыбысы бар сөздерге қол шапалақтау.
Ілгіш, сөре
Іні, аға,ата
Іскер, жалқау
Ін ұя,үй.
Жарайсыңдар енді сергіп алайық.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық
Қалтамызға салайық. 1,10; 10, 1. Санау
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұмбақ – жаңа тақырыпқа байланысты.
Бұрап қойған сағаттай
Айғалауды таң атпай (Әтеш)
Әтеш деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліді? Ә оқушылар хормен.
Ә әрпін көрсетіп, мынау ә әрпінің баспа түрі. Ә дыбысы жіңішке дауысты дыбыс.
- Ауыз мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болады қане Ә деп айтып көрейін хормен айту.
- Ә дыбысы сөздің бірінші буында қолданылады. Мысалы:әтеш, сәбіз, дәрігер,тәртіп.
Ә дыбысына байланысты сөздер айту. Әтеш, ән, Әсем, Әлім т.б.
-Ә әріп қайсы үйге қонаққа барады?қызыл
Таныстырар әріппен
Мынау кітап- әліппең
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріптен? (Ә)
Балалар бізге барлық әріптерді үйрететін сиқырлы, ғажайып кітап «Әліппе» деп аталады.
Әліппе сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
Ә – жіңішке дауысты дыбыс
л – дауысыз дыбыс
і– жіңішке дауысты дыбыс
п –дауысыз дыбыс
п – дауысыз дыбыс
е – жіңішке дауысты дыбыс.
Оқулықпен жұмыс
Шарлардағы буындарды оқу. Әнші мәтінін хормен оқу. Әнші әншілер суретін көрсету. Дәптермен жұмыс. Ә ә әрпінің жазбаша түрімен таныстыру. Ауада жазу, дәптерге жазу. Бүгін қандай дыбыспен таныстық. «Ыстық карточка»ойынын ойнау. Допты қағып алып ә дыбысына байланысты сөздер ашу. Допты коп ұстап қалуға болмайды.
Кәртішкемен жұмыс .
Сабақты қорыту: ә дыбысы қандай дыбыс?
ә дыбысы сөздің қай буынында қолданады? Мысыл келтір
сәбіз, әтеш, дәрігер.
Бағалау: белсене қатысқан оқушыны бағалау, мадақтау.
№
|
Оқушының аты -жөні
|
Бағасы
|
1
|
Махамбет Олжас
|
5
|
2
|
Әбдіразақ Иманғали
|
5
|
3
|
Закирали Нұрмұхаммет
|
5
|
4
|
Ергешева Малика
|
4
|
5
|
Нұрмахмут Нұргелді
|
5
|
6
|
Абсат Назарбай
|
4
|
7
|
Тағай Ерсұлтан
|
5
|
8
|
Төлебаева Аяулым
|
4
|
9
|
Кашимбаева Мохина
|
4
|
Үйге тапсырма: Ә ә дыбысы мен әрпін оқу,жазу
Достарыңызбен бөлісу: |