Сабақтың тақырыбы: Ұлттық баскиімдер. Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі51,76 Kb.
#28986
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе а/о, Төңкеріс ауылы, Т.Оспанов атындағы № 68 жалпы орта мектебі.

Технолгия пәні мұғалімі Жабағиева Райхан Қалыбекқызы.

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық баскиімдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жалпы ұлттық баскиімдер туралы түсінік беру және олардың түрлері, жасалу жолдары, қолданылуы туралы түсінік беру;

Дамытушылық: сабақ барысында оқушылардың ұлттық бұйымдарға деген қызығушылығын арттыру, өнерге деген ынта, қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: сабақ барысында оқушыларды халықтың өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, шеберлікке, еңбексүйгіштікке баулу. Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,тестілеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, ұлттық баскиім түрлері.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу,тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

-Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Тест.

1.Матаны қандай қасиеттеріне қарай таңдайды?

А)пайдалы, сәндік қасиеттеріне

Ә) химиялық қасиеттеріне.

Б) механикалық қасиеттеріне.

2. Мата талшығының түспеуі, тез жуылуы, өңінің оңбауы матаның қандай қасиетіне жатады?

А) физикалдық қасиетіне

Ә) пайдалы қасиетіне

Б) сәндік қасиетіне

3. Матаның сәндік қасиетіне қандай қасиеттері жатады?

А) денсаулыққа пайдасы

Ә) ауа мен ылғал өткізгіштігі

Б) тігістің әдемі түсуі

4. Көйлектік маталарға қандай маталар жатады?

А) пұлыш, атлас

Ә) сәтен, бөз,шотланд

Б) барқыт, мадопалам.

5. Сән дегеніміз не?

А) әдет

Ә) модельер-конструктор



Б) киімді пішу

6. Сәнді кім шығарады?

А)көркемдеуші –сәнгер

Ә) модельер-конструктор

Б) инженер-конструктор

7. Сәннің неше түрі бар?

А)үш Ә) екі б) төрт

8. Коллекция дегеніміз не?

А) біртектес заттардың жиынтығы

Ә) әр түрлі заттардың жиынтығы

Б) Ескі киімнен сәнді киім дайындау.

2. «Кім жылдам?»

Мына сандарды ретімен қойғанда сөз шығады.

9

25

20

5

42

15

7

32

23

11

40

18

50

28

45

36

Т

С

Б

Ұ

Д

Ы

Л

И

А

Т

М

Қ

Р

К

Е

І

















































ІІІ. Жаңа сабақ

ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін қазақтың ұлт ретіндегі бір ерекшелігі бар. Ол қазақтың ешқашан жалаң бас жүрмегені. Жалаң бас жүрмеудің эстетикалық, экологиялық негіздері бар. Баскиімге қарап сол кездегі адамдардың қоғамдағы рөліне қарай олардың баскиімдері де қымбат терілерден немесе маталардан тігілген.



Бөрік – ұлттық баскиім ішіндегі ең әдемісі. Бөрікті қазақ жылдың қоңыр салқын, аумалы-төкпелі кезеңдері – көктем мен күзде киген. Өйткені ол киіп жүруге ыңғайлы,әрі жылы.. Бөрік тігуге міндетті түрде қымбат терілер қажет. Қазақта бөріктің атауларын қандай аң терісінен тігілгеніне қарай атау дәстүрі бар: сусар бөрік,құндыз бөрік, кәмшәт бөрік деген аталар содан қалған.

Сәукеле – қазақ әйелдері баскиімі арасындағы еі көріктісі және ең ежелгілрінің бірі. Ол қалыңдық киімінің ішіндегі салтанаттысы болып табылады. Сәукленің баста құрамды бөлігі – жеңіл матадан жасалған желек. Ол ұшар басына бекітіледі. Сәукеле ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп, ол әйелден гөрі қалыңдықтың тойға киетін бас киіміне айналды.

Малақай Тымақ Сәукеле Кимешек

Қалпақ Ерлер бөрік Әйелдер Қарқара

Мұрақ баскиімі тақия баскиімі Қасаба

ІУ. Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру.

Жаңа ұғымдар.

Елтірі – туғанына екі-үш ай болған қозы терісі.

Шұға – матаның атауы

Сеңсең –марқаның қырқылмаған терісі

Оқа – күміс, алтын, жез ораған жіп.

У. Жаңа түсінікті тексеру.

1. Ұлттық бас киімнің қандай түрлерін білесіқдер?

2. Сәукелені қандай жағдайда киеді және ол кімге арналған?

3. Қалпақтың неше түрі бар? Ол неден тігіледі?

4. Мұрақты қандай жағдайда және оны кімдер киңді?

5. Тымақты қандай ақ терілерінен тігеді?



УІ. Сабақты бекіту.

Кесте толтыру.

Әйелдердің ұлттық баскиімдері.

Ерлердің ұлттық баскиімдері.



УІ. Сабақты қорытындылау.

  1. Мынау қандай баскиім? Мұны қандай аң терісінен тігеді? (Тымақ)

  2. Мына баскиім кімдерге арналған? Оны жүннен бе, әлде матадан тігеді ме? (Қалпақ)

УІІІ. Бағалау.

ІУ. Үй тапсырмасы: ұлттық баскиімдерге қатысты ырымдар мен тыйым сөздер және мақал-мәтелдер жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет