Пәні,сыныбы
|
Математика, 6-сынып. №173 сабақ
|
Сабақ тақырыбы
|
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.
|
Сілтеме
|
Топтық жұмыс
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу( Джон. Б. Уотсон);
Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту (Александер, 2001,2008).
|
Жалпы мақсаттар
|
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешуді үйрету,логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру,топтық жұмыста жауапкершілікке тәрбиелеу
|
Оқыту нәтижелері
|
--тақырыпты меңгеріп, алған білімін тиімді пайдаланады;
-тақырып бойынша диалог арқылы білімін шыңдауға
дағдыланады;
-өзін-өзі бағалап,реттеуге үйренеді;
-тақырыпты сыни тұрғыдан талдай алады.
|
Негізгі мақсаттар
|
-оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал ету;
-АКТ мен жұмыс істеуге дағдыландыру;
-диалогқа түсе отырып,білімін тереңдетуге дағдыландыру.
|
Топқа бөлу
|
|
Білу,тану
|
Ой қозғау
1 тапсырма: Сұрақ
-
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі деп нені айтамыз?
-
Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса, осы теңдеулер жүйесінің неше шешімі болады?
-
Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде
қандай жағдайда жүйенің шешімі болмайды?
-
Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде , қандай жағдайда жүйенің шексіз көп шешімі болады?
|
Түсіну
|
Электронды оқулықтан түсіндіру.
2- тапсырма. Есептің шығарылу жолын түсіндіріңдер.
1-2 топ. 1-мысал.
3-4 топ. 2-мысал.
|
Қолдану
|
3 тапсырма. Теңдеулер жүйесінің шешімін алмастыру тәсілімен табыңдар:
1-топ.
2-топ.
3-топ.
4-топ.
|
Талдау
|
4 тапсырма Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу алгоритмін құрыңдар.
|
Жинақтау
|
5 тапсырма. Теңдеулер жүйесін құрып, оны алмастыру тәсілімен шешіңдер.
1-топ. № 1500
2-топ. №1504
3-топ № 1507
4-топ. № 1502
|
Бағалау критерийлері
|
- Сабақты меңгеруін (1,2-тапсырма)
- тапсырманы түсінуі
-жауаптарының нақтылығын
-топ ережесіне бағынуын
-белсенділігін
|
Келесі тапсырма
|
Сыныпқа №1506,№1508 есептер
|