Сабақ тақырыбы Екісанның қатынасы. Екісанның пайыздық қатынасы



бет9/93
Дата18.10.2022
өлшемі23 Mb.
#153728
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   93
Байланысты:
6 сынып1 токсан

Оқулықпен жұмыс №150 бет-35

Тапсырмалар

1. 


у – тің мәні х – тің мәніне тура пропорционал. Кестені толтырыңдар:

х

3

4

6

8

9

12

15

у

12

16

24

32

36

48

60

2. Автоматты станок сағатына 58 бөлшек дайындап, берілген уақытта 348 бөлшек дайындады. Егер осы автоматты станок сағатына 75 бөлшек дайындайтын болса, берілген уақытта неше бөлшек дайындайды?


58----348 б
75----х б
x =(75*348) : 58 = 450 
Жауабы: 450 бөлшек

3. 500 г ерітінді де 40 г тұз бар. Осы ерітіндінің 200 грамында неше грамм тұз бар?


500 г---- 40г тұз
200г-----х г ?
x = 16 
Жауабы: 16 г. тұз бар.



Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
1-10 баллдық жүйеде бағаланады.



6 сынып оқулығы. 1-бөлім.
Әбілқасымов А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә., 2018ж «Мектеп» баспасы



Сабақтың соңы

Сабақты бекіту
Рефлексия «Табыс сатысы» әдісі арқылы сабақты түйіндейді.

Үйге тапсырма:


№153 бет-35










Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп: №12

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.3 қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;

Сабақ мақсаттары

- қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсінеді;
- кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын біледі;
- кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алады.



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушылардың өмірге деген құлшыныстарын видеоролик арқылы оятып, сабаққа ынталандыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткенді еске түсіру мақстаныда «Миға шабуыл» әдісін қолданамын.
-тура пропорционал дегеніміз не?
-оның қандай қсиеттерін білесің?



Амадасады. Жинақталады. Оқулықтарын дайындайды. Сұрақтарға жауап береді.

Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»






Сабақтың ортасы

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мынадай мысал қарастырайық.
Есеп: Тапсырманы 4жұмысшы 120 сағата орындайды. Осы тапсырманы 8,12,16 жұмысшы неше сағатта орындайды? 
Шешуі: 1) Егер, тапсырманы 1 жұмысшы орындаса, ол неше сағатта орындайды? 
4*120 =480 сағ. 
2) тапсырманы 16 жұмысшы орындаса, неше сағ орындайтынын 480: 16 = 30 сағ екенін табамыз. Шамаларлың өзгерісін кестеге салайық 

Жұмысшылар саны

4

8

12

16

Орындалу уақыты

120

60

40

30

Демек, берілген тапсырманы орындайтын жұмысшылар саны неше артса, жұмсалатын уақыттың сонша есе кемитінін көреміз. 
Егер, бірінші шама бірнеше есе артқанда(кемігенде) екінші шама сонша есе кемитін болса, мұндай шамалар кері пропорционал деп аталады. 
• Егер екі шама кері пропорционал болса, бірінші шаманың мәндерінің қатынасы екінші шаманың мәндерінің кері қатынасына тең болады. 
Кері пропорционалдылықты әріптермен жазсақ, 
х1 : х2 = у2 : у1
Мысалы, кері пропорционал шамалар:

  • Тік төртбұрыштың ауданы тұрақты болғанда оның ұзындығы мен ені;

  • Құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы;

  • Арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдық пен уақыт.

  • Есеп: Мотоциклші өзен үстіндегі көпірден 10 м/с жылдамдықпен 54 секундта өтеді. Мотоциклші осы көпірден 12 м/с жылдамдықпен неше секундта өтеді?

  • Шешуі;

  • х – мотоциклшінің көпірден 12 м/с жылдамдықпен өту уақыты. 

  • Есептің берілу шарты бойынша:

  • 10 м/с --------- 54 с

  • 12 м/с --------- х с

  • Есептің шарты бойынша кері пропорционал шамаларды пайдаланып, құрылған пропорция:

1012=х54. Бұдан х = 10×5412=45 (с). Жауабы: 45 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет