Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1А Қатынастар және пропорциялар
|
Мектеп: №17
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Масштаб
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.1.1.5 масштаб ұғымын меңгеру;
6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;
|
Сабақ мақсаттары
|
масштаб ұғымын меңгереді;
картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады;
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру.
Ауызша тапсырмалар:
Топпен жұмыс:
Тәжірибелік жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа біріктіріп (тақта, есік, мұғалім үстелі беттерінің) ұзындығын және енін өлшеуді тапсырамын.
Алынған өлшемдерді А4 парағына орналастыратындай етіп, бірдей есе кемітіп жазыңдар.
А4 парағына заттардың кішірейтілген ауданын сызыңдар.
Заттардың ұзындығын, енін неше есе кішірейттіңдер?
Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін әр топ постер қорғайды.
|
«Ыстық орындық» әдісі бойынша сұраққа жауап алу. Оқушылар өз еркімен шығады. Басқа оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.Жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді.
Ой қозғау:
C-1: Екі санның қатынасы дегеніміз не?
С-2: Тура пропорционалдық тәуелділік дегеніміз не?
С-3: Кері пропорционалдық тәуелділік дегеніміз не?
|
Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
|
http://www.mathematics-repetition.com/tag/reshenie-zadatch-na-masshtab
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ:
Мұғалім: Географиялық карталарда қалалардың арақашықтығы, үйдің планында үйдің өлшемдері қалай кішірейтіліп беріледі.
Мысалы, кітап беті тік төртбұрыш пішінді: ұзындығы 2 дм 1 см, ені 1 дм 4 см.
Кітап бетін дәптерге кескіндейік. Ол үшін:
Өлшемдерді бір өлшем бірлігіне келтіру қажет.2 дм 1 см =21 см, 1 дм 4 см = 14 см;
Өлшемдердің мәндерін 7 есе кішірейтейік: 21 : 7 = 3; 14 : 7 = 2.
Дәптердегі кітап бетінің сызбасы ұзындығы 3 см, ені 2см тік төртбұрыш
Сызбадағы 1 см кітаптың нақты өлшемінің 7 см-іне тең. Мұны масштабы 1:7 немесе болатын кітап бетінің кескіні дейміз.
Географиялық карталар белгілі бір масштабпен дайындалады.
Анықтама: Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды.
|