Сабақ тақырыбы Энергия. Денелердің кинетикалық және потенциалдық энергиялары


Мақсаты: Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларға қай кезде ие болатындығын, анықтамаларын, формулаларын ажырата білу. Барысы



бет2/2
Дата08.09.2017
өлшемі1,52 Mb.
#31376
түріСабақ
1   2

Мақсаты: Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларға қай кезде ие болатындығын, анықтамаларын, формулаларын ажырата білу.

Барысы: 3 топ берілген тапсырмалар бойынша уақытқа сай жұмыстанады. «Learning Apps» бағдарламасы көмегімен құрастырылған интерактивті жаттығуларды орындайды.

Мұғалім іс-әрекеті: Уақытты қадағалайды, ескертеді. Топтар жауап берген кезде өте мұқият, ұқыптылықпен, жауапкершілікпен тыңдауымыз қажет екенін ескертеді. Өйткені 3 бағанды толтыру үшін топ жауаптары маңызды.

Оқушы іс-әрекеті: Топтар өзара бірлесе, жұмылып, өз тапсырмалары бойынша жауап береді.

Бағалау: Оқушылар бірін-бірі тыңдау арқылы ақпарат алмасты. Бағалау парағына мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийін құрып бағалайды.

Жұмыс түрі.

Бағалау критерийлері



1 топ

2 топ


100% бойынша бағалау

  1. Топтық жұмыс.




  • Топ мүшелері толық қатысу.

  • Тапсырманы қатесіз орындау.















  • Құрылымдық тапсырмалар.

Мақсаты: Энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруін сипаттау. №1 ББЖБ (СОР) дайындалу.

Барысы: «Edmodo» бағдарламасына жүктелген құрылымдық тапсырмаларды уақытқа сай орындайды. Бағалау: Мұғалім бағалауы. (коментарий арқылы)

  • Kahoot бағдарламасы көмегімен тест.

Мақсаты: Kahoot бағдарламасы көмегімен «энергия» тақырыбына тест орындау.

Барысы: Энергия және оның түрлері бойынша тапсырмадағы тест сұрақтарына тез жауап беру қажет.

Мұғалім іс-әрекеті: Kahoot бағдарламасына оқушылардың түгел тіркелуін қадағалайды.

Оқушы іс - әрекеті: Әрбір оқушы экранда көрсетілген тест тапсырмалардын орындайды. Алғашқы «үштікке» кіруге талпынады.

Бағалау: Алтын, күміс, қола медальдар алған оқушыларға тәттілер үйлестіріледі. Барлық оқушының балы, пайызбен экраннан көрсетіледі.

  • Есептер шығару. 37-жаттығу. (тақтамен жұмыс)

Мақсаты: Тарау бойынша өткен формулаларды қолданып есептер шығару, ЖБ 3 бөліміне дайындалу.

Бағалау: Критерий бойынша.

Есеп шарттын түсініп, берілгенін дұрыс жазу.



ХБЖ айналдыру.



формулаларды дұрыс қолдана отырып, түрлендіріп, қорытқы формула шығару. Талдау жасау.



Дұрыс есептеу жүргізу.



Жауабын нақты жазу.





Қосымша №1.

бойынша.
https://learningapps.org/display?v=pg7h3j3dn

https://learningapps.org/display?v=p1vxne6sj16

https://learningapps.org/display?v=pt63vn21317

Қосымша №2.


ноутбук, планшет.


Сабақтың соңы
5минут

Сабақ соңында оқушылармен рефлексия жүргізіледі:

ББҮ кестесінің 3-ші бағаны толтырады. Не үйренгендерін ортаға салып, өзара бағалайды.

Үйге тапсырма: §61, 62, 63. 38, 39 - жаттығу.

Венн диаграммасы. (Жұмыс пен Энергия)


7кл. оқулық



Р. Башарұлы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Өзара бағалау.

Марапаттау.

Бағалау критеррий бойынша бағалау.


Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын

Оқушыны партада дұрыс және түзу отырыуын қамтамасыз ету.

Көз ауыруларының алдын алу үшін жарықпен қамтамасыз ету.

Қажет кезінде физ. жаттығу

сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлерін жүргізу.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Қосымша №1.

Механикалық энергия

Бiз «энергия» сөзiмен күнделiктi тұрмыста көп кездесемiз. Көп жағдайда энергияны жұмыс iстеп тұрған электростанция, әр қандай машиналар менен байланыстырамыз. Завод, фабрикаларда әр түрлi станоктар электр энергиясымен жұмыс жасайды. Автомобиль, самолет, тепловоз жанылғы отын энергиясы есебiнен жұмыс жасайды. Адамдар тамақ жеп өздерiнiң энергия қорларын көбейтедi.



Физикада энергия терминi өте маңызды есептеледi. Бұл ұғым механикалық энергияны жылулық, электрлiк, ядролық энергиялармен байланыстырады.

Жұмыс iстеу қабiлетi бар дененi энергияға ие деп айтамыз. Энергия - дененiң жұмыс iстеу қабiлетiн сипаттайтын физикалық шама.

ХБЖде энергияның өлшем бiрлiгi – Джоуль.

Дене көп жұмыс атқара алатын болса, оның энергиясыда көп болады.



Энергияға ие денелер
Әр түрлi денелердiң жұмыс жасауы


Кинетикалық энергия

Қозғалып бара жатырған автомобиль жұмыс жасай алады, демек қозғалтқышын сөндiрген кезiнде ол энергияға ие болады.

Қозғалып бара жатырған вагон, ұшып бара жатырған оқ энергияға ие.

Өзiнiң қозғалысы салдарынан дененiң ие болатын энергиясы – кинетикалық энергия деп аталады.



Грек тiлiне кинема – қозғалыс деген мағынаны бiлдiредi.

Кинетикалық энергия – қозғалыс энергиясы.

Кинетикалық энергияға ие денелер
Кинетикалық энергияның қандай шамаларға тәуелдi

екендiгiн үйрену


Дененiң кинетикалық энергиясы оның массасына және қозғалыс жылдамдығына тура пропорционал.



ЕК-кинетикалық энергия (Дж); m-дененің массасы (кг); υ- қозғалыс жылдамдығы (м/с);

Потенциалдық энергия

Бiз энергиясы бар денелердiң жұмыс орындала алатындығын бiлемiз.

Мысалы, белгiлi бiр биiктiкте тұрған доп, сығылған серiппе.

1) Энергияға ие денелер



2) Энергияға ие емес денелер




Денелердiң өзара орналасуымен анықталатын энергия – потенциалдық энергия деп аталады.

Потенциалдық энергия - өзара әрекет энергиясы.

Потенция (лат.) – мүмкiндiк деген мағынаны бiлдiредi.


Жер бетiнен h биiктiкте орналасқан дененiң потенциалдық энергиясы


h-нөлдік деңгейден биіктігі (м); Еп- потенциалдық энергия (Дж).



Потенциалдық энергияға ие денелер


Қосымша №2


  1. Төменде берілген суреттердің әрқайсысында қандай энергияның түрленетіндігі туралы ойланыңыз және түсіндіріп, жазыңыз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Тастың жерге соғылу кезіндегі кинетикалық энергиясы 2,25 Дж.

    1. Егер тастың осы кездегі жылдамдығы 3 м/с болса, оның массасы қандай?

Формуласы: ____________ m=_______ кг



    1. Тас қандай биіктіктен құлаған? Ауа кедергісін ескермеңіз.



Формуласы: ________________ h=_______ м

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет