Сабақ Тақырыбы: Есту мүшесі құрылысы мен қызметі. Есту гигиенасы (8-сынып) Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «А. Жұбанов атындағы орта мектеп» мм биология пәні мұғалімі Кульбаев Нұрлат



Дата10.06.2017
өлшемі287,3 Kb.
#19056
түріСабақ
Ашық сабақ

Тақырыбы: Есту мүшесі құрылысы мен қызметі. Есту гигиенасы

(8-сынып)

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

«А.Жұбанов атындағы орта мектеп» ММ

биология пәні мұғалімі Кульбаев Нұрлат

2016-2017 оқу жылы

Сыныбы 8

Күні 17.11.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Есту мүшесінің құрылысы. Есту гигиенасы.

Сабақтың мақсаты: есту мүшесінің құрылысымен қызметімен гигиенасымен таныстыру. Оқушыларға қосымша мәліметтер беру .

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – құлақтың адам өміріндегі маңызымен таныстырып, оның өмірдегі пайдасын айту, құрылыс қызметімен таныстыру

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту. Адамгершілікке, ізденімпаздыққа, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылығы –есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: видео роликтер, слайд суреттер,

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

А-тапсырмалар

  1. Адамда қанша сезім мүшелері бар,оларды атаңдар.

  2. Жарық сезгіш жасушалары дегенді қалай түсінесіңдер,олар қандай қызмет атқарады?

  3. Қарашық көздің қай қабықшасында және қай жерде орналасқан?

  4. В-тапсырмалар'>Көздің қосымша мүшелер жүйесіне жататын мүшелерді және олардың атқаратын қызметін талдап түсіндіріңдер.

В-тапсырмалар

  1. Көз алмасы қанша қабықшадан тұрады,сыртқы қабықшасы қалай аталады?Олардың атқаратын қызметі қандай?

  2. Адам көзінің қара,көкшіл,жасыл,болып келуі , қай қабықшаға байланысты?

  3. Соқыр дақ пен сары дақ қайда орналасқан?

  4. Алыстан көргіштік пен жақыннан көргіштіктің қандай айырмашылығы бар,ол қандай жағдайға байланысты?

В-тапсырмалар

  1. Көз алмасы қанша қабықшадан тұрады,сыртқы қабықшасы қалай аталады?Олардың атқаратын қызметі қандай?

  2. Адам көзінің қара,көкшіл,жасыл,болып келуі , қай қабықшаға байланысты?

  3. Соқыр дақ пен сары дақ қайда орналасқан?

  4. Алыстан көргіштік пен жақыннан көргіштіктің қандай айырмашылығы бар,ол қандай жағдайға байланысты?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Есту мүшесі



  1. Сыртқы құлақ

  2. Ортаңғы құлақ

  3. Ішкі құлақ

Сыртқы құлақ:

  • Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолды жатады.

  • Құлақ қалқаны дыбыстарды қабылдауға бейімделген

  • Есту жолы құлақ қалқанын ортаңғы құлақпен байланыстырады.

  • Сыртқы құлақ ортаңғы құлақтан дыбыс жарғағы арқылы бөлінеді

  • Ол дыбыс толқындарын механикалық тербеліске түрлендіріп, ортаңғы құлақтың есту сүйекшелеріне береді.

Ортаңғы құлақ:

  • Самай сүйегінде орналасқан және есту сүйекшелері бар тар қуыс

  • Есту сүйекшелері:

  • балғашық, төстік, үзеңгі буын арқылы қозғалмалы байланысқан

Ішкі құлақ:

  • Самай сүйегінде тереңірек орналасқан

  • Шытырман орналасады.

  • Иірімнен тұрады, ол екі жарым орам құрайды

  • 24 мың талшықтан тұрады, талшықтар дыбысқа жауап береді.

Есту мүшесінің гигиенасы туралы айту.

Есту жолының түбінде құлық бөлетін бездер орналасқан. Құлықтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микроптардан жабыстыру және ұстау үшін қажет. Жиналған құлық бөлініп, құлақты жуған кезде сыртқа шығарылады. Салдыр-салақ адамның құлағында құлық жиналып, тығын түзуі мүмкін. Ол естудің нашарлауына әкеліп соғады. Құлықты әр түрлі заттармен алуға болмайды мысалы түйреуіш, сіріңке т.б. Бұл дабыл жарғағын зақымдап, есту нашарлауы мүмкін.

Ортаңғы құлақ аурулары жұқпалы аурулармен ауырған кезде (скарлатина, баспа, тұмау) мұрын-жұтқыншақтан микроптар мұрын шырышымен есту түтігі ортаңғы құлаққа түскенде пайда болады.

Құлақ ауырған кезде дәрігерге көріну қажет. Есту мүшесіне адам күнделікті әсер ететін қатты шу зиян келтіреді. Соның салдарынан адамның құлағы нашар естіп, мазасызданып, ұйқысыздыққа әсер етуі мүмкін. Бұл көптеген ауруларға әкеліп соқтырады.

IV. Бекіту Сұрақтары


  1. Есту сүйекшесі (балғашық)

  2. Құлақтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микроптардан жабыстыру және ұстау үшін қажет. ( құлық)

  3. Дыбыс тербелістерін бұрмаамай жеткізеді? (дабыл жарғағы)

  4. Ішкі құлақта орналасады? (шытырман)

  5. Сыртқы құлақ бөлімі (сырғалық)

Сызықты диктант

1.Адам туылғаннан бастап есту әлемін қабылдайды? ( иә)

2.Егер бала саңырау болып туылса, онда ол ешқашан ауызша сөзді меңгере алмайды (иә)

3. Есту сүйекшелеріне шытырман жатады (жоқ)

4. Есту мүшесі 4 –ке бөлінеді (жоқ)

5. Есту жолының түбінде құлық бөлетін бездер бар (иә)

6. Құлықты түйреуіш, сіріңке сияқты заттармен алады (жоқ)

7. Есту жолы құлақ қалқанын ортаңғы құлақпен байланыстырады (иә)

8.Құлақ маңдай бөлімінде орналасқан (жоқ)

9. Қатты шу құлақ естімеуіне әкеледі (иә)



10 Құлақтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микроптарды жабыстыру және ұстау үшін қажет (иә)

V. Оқушыларға үй тапсымасын беру. Есту мүшесінің құрылысы, қызметі, гигиенасы тақырыбын оқу. 44 суретті салу. Сұрақтарға жауап беру.

VI. Бағалау



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет