Сабақ тақырыбы Ғылымның рөлі Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет13/126
Дата07.02.2022
өлшемі11,6 Mb.
#93283
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   126
Байланысты:
5-сынып жаратылыстану мж

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
0 – 1 мин

2-6 мин



6-8 мин



Оқушылармен амандасу. Cабақта ынтымақтастық атмосферасын құру. Сұрақ қою арқылы оқушылардың көңіл күйлерін сұрау.
1-тапсырма. Оқушыларға термометрдің, рулеткаланың, амперметрдің, спидометрдің, секундомердің, таразының суреттері беріледі. Дайын суреттер қолданып, өлшеу құралдарының атауларын жазып, аспаппен өлшенетін шаманы және оның өлшем бірлігін жазып плакаттарды дайындайды Оқушылар осы суреттерге қысқаша сипаттама береді. Бұл қандай құрал? Бұл құрал арқылы нені өлшеуге болады?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы осы құралдарға сәйкес қандай болатынын оқушылардан сұрау.
Сабақтың мақсаты оқушылармен бірге анықталады, бағалау критерийлері презентацияда көрсетіледі.

Қосымша 1. Термометрдің, рулеткаланың, амперметрдің, спидометрдің, секундомердің, таразының суреттері
Презентация

8-10 мин

Оқушыларға сұрақтар беріледі: «Сізге күнделікті өмірде өлшеулер жасау қажет болды ма? Қандай? Мысал келтіріңіз» сұрақтарын талқылайды. Оқушылардың ойлары тыңдалады.

Презентация

10-12 мин

2-тапсырма. Оқушылар жұптасып сұрақтарға жауаптарды схема түрінде көрсетеді:
Келесі мысалдарда қандай өлшемдер туралы сөз қозғалады:

  1. сабақ 45 минут жүреді;

  1. бөтелкеде 5 л су бар;

  2. мұз 0 °С кезінде ериді;

d) автобус 40 км жүріп өтті.

Презентация

12-18 мин

Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін тыңдап, аспап (термометр, сызғыш, таразы және т.б.) көрсеткіштерін анықтаудың қадамдық жоспарын құрастырады. Жоспарды плакатқа жазады және «Әткеншек» әдістемелік тәсілінің көмегімен белгілер жасайды, бір-бірінен сұрайды.
«Әткеншек» - әдістемелік тәсілі:

  • Оқушылар жұмысты топта, мысалы бір нәрсенің тізбесін құрастыра отырып орындайды.

  • Кейін белгілі бір тәртіп бойынша сыныпта жылжи отырып, басқа топтардың постерлерінде белгілер немесе толықтырулар жасайды.

  • Аяқтағаннан кейін жалпы жұмыс қорытындысы талқыланады.




18-28

3-тапсырма. Топқа түрлі тапсырмалар беріледі.
Оқушылар әр түрлі аспаптармен өлшеу жөніндегі тәжірибелік тапсырманы орындайды

  1. Сызғышпен (ағаш, темір, алюминий кесектің ұзындығы, ені, биіктігі) өлшеу

  1. Термометрмен (сыныптағы ауа температурасы, бір рет қолданылатын стақандардағы суық және жылы судың температурасы) өлшеу

  2. Өлшеу цилиндрімен (су мөлшері) өлшеу

  3. Секундомермен (оқушының 10 рет отырып-тұруы) өлшеу.

Топтар өздерінің тәжірибелерінің нәтижелерін талқылап, өз жұмыстарын қорғайды.

Қосымша 2
Ағаш, темір, алюминий кесектер, термометрлер, жылы және салқын суы бар стақандар, өлшеу цилиндрлері, секундомерлер немесе секунд көрсететін тілі бар сағаттар



28-34

4-тапсырма. Оқушыларға таза парақ пен сызғыш алып, ұзындығы 10-11 см түзу сызуын сұрау қажет – олар қалаған ұзындықты таңдауы мүмкін, бірақ ешкімге айтпауы тиіс. Оқушылардан қасындағы адаммен парақтарын ауыстырып, олардың түзулерін өлшеп, қағазға жазып алуы керек. Парақтарды кері қайтарып, қанша оқушының дұрыс жауап алғанын тексеріңіз.

таза парақтар, сызғыштар

34-39 мин

5-тапсырма.
Оқушылар бейнефильмді көру арқылы берілген сұрақтарға жауап береді. Ол үшін алдымен сұрақтар таратылып, оқушылар сұрақты оқығаннан кейін ғана бейнефильм көрсетіледі.
Сұрақ

  1. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі қандай?

  2. Алғашында ұзындық қалай өлшенген?

  3. Метр өлшемі қалай анықталды?

  4. Алғашқы ресми метр өлшегіш қай жылы және қай қалада пайда болды?

Дұрыс жауаптар:

        1. Метр.

        2. Алғашында ұзындық адамның дене мүшелеріне негізделіп өлшенген.

        3. Солтүстік полюстен Экваторға дейінгі қашықтықтың он миллионнан бір бөлігі метр деп анықталды.

        4. Алғашқы ресми метр өлшегіш 1795 жылы Парижде пайда болды.

Оқушылар жұпқа бірігіп жауаптарын тексерді.

Қосымша 3
https://twig-bilim.kz/film/how-long-is-a-metre-5958/

39-42 мин

Оқушыларға аспаптың бөлік құны деген не екенін түсіндіру. Аспап көрсеткіштерін анықтау тәртібін қарастыру.

«Бөлік құны» суреті Презентация


42-45 мин



Рефлексия. Оқушылар партадағы суреттерді өздерінің көңіл күйлеріне қарай таңдайды. Кейін неге осы таңдауды жасағанын мұғалім сұрайды.

карточкалар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет