Оқушыларға қауіпсіздік техникасы жайлы бейнебаян көрсетіліп, талқыланады:
https://www.youtube.com/watch?v=QhKaRxLOV5g
(Т) Оқушыларды түрлі-түсті таяқшалардың көмегімен топқа бөлу. Оқушылар қауіпсіздік техникасы қағидаларының тізімін зерттейді:
Тәжірибелер жүргізу уақытында бет пен көзді қолмен ұстауға болмайды;
Заттардың дәмін татып көруге тыйым салынады;
Заттардың иісімен танысқанда сақ болу;
Тек таза ыдысты қолдану және оның тұтастығын тексеру;
Қолданылатын заттардың саны жөніндегі ұсынымдарды сақтау;
Заттарды қыздыру және зертханалық ыдыс сынықтарын жинау кезінде жұмыс ережелерін сақтау.
Осыдан кейін олар өздеріне берілген тапсырманың сипаттамасымен танысады. Осы тапсырмада көрсетілген жағдай үшін қажетті тиісті қауіпсіздік техникасы қағидаларын таңдап алады да, «Олай жасауға болмайды!» ойыны арқылы әрбір топ практикалық жұмыс жүргізу уақытында оқушылардың қате әрекеті мысалын көрсетеді (оқушылар тәжірибені орындамайды, тек көрініс арқылы осы тәжірибе барысында қандай қауіпсіздік техникасы сақталуы қажет екендігін түсіндіреді)
1-топ. Сымды қыздыру
2-топ. Қышқылға металлды салу
3-топ. Сірке қышқылына (уксус) ас содасын қосқанда улы газдың бөлінуі
Достарыңызбен бөлісу: |