Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
10.1А Физикалық өлшеулер
|
Оқу орны:
|
№ 9 Меркі колледжі
|
Күні:
|
8.09.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Бакирова Г.Ш.
|
Топ:
|
13
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу
|
Осы сабақта қол жеткі-зілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
10.1.2.1 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;
10.1.2.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар:
|
Өлшеу құралдарымен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру
|
Білімгерлердің көбісі:
|
Тура өлшеулер үшін абсолют және салыстырмалы қателіктерді анықтау
|
Кейбір білімгерлер:
|
Жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу
|
Бағалау критерийлері
|
Білімгер
Физикалық шамалардың өлшемін ХБЖ-де жазады;
Өлшеу құралдарының бөлік құнын анықтайды;
Тура өлшеу үшін абсолют және салыстырмалы қателіктрді анықтай алады;
Жүйелі және кездейсоқ қателерді бір-бірінен ажырата алады;
Тәуелді, тәуелсіз шамаларды дұрыс таңдайды;
График салу үшін масштабты дұрыс таңдайды
Градинтті дұрыс анықтайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология:
Қаз
|
рус
|
eng
|
Физикалық шама
|
Физическая величина
|
Physical quantity
|
Шаманың өлшем бірлігі
|
Единица измерения
|
Unit of measurement
|
Аспаптың бөлік құны
|
Цена деления прибора
|
Scale of the instrument
|
Абсолю қателік
|
Абсолютная погрешность
|
Absolute uncertainty
|
Салыстырмалы қателік
|
Относительная погрешность
|
Relative uncertainty
|
Жүйелі қателік
|
Систематическая погрешность
|
Systematic uncertainty
|
Кездейсоқ қателік
|
Случайная погрешность
|
Random uncertainty
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Негізгі бірліктер .... байланыссыз, ал туынды бірліктер.... пайда болады.
Сандарды қысқаша .... арқылы жазуға болады
|
Құндылықтарды дарыту
|
Коммуникативтік дағдысын жетілдіру
|
Әлемдік жаһандылыққа тәрбиелеу
|
Сабақ тақырыбына сай, қазіргі кезде барық елдерде біркелкі бірліктер жүйесі бар екендігін білу және түсіну
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация Power Point, бейне материалдар
|
Өмірмен байланыстылығы
|
Күнделікті тұрмыстағы пайдаланылуының көріністері
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика Өлшемдердің мәндерін стандарт түрде жазу
|
Бастапқы білім
|
7 – 9 сыныптар, физикалық шамалар және олардың өлшемдері
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
сабақтың басы
2 мин
5 мин
|
Ұйымдастыру сәті
Сабақ тақырыбын оқу мақсатын, бағалау критерийлерін талдау
Миға шабуыл:
Физика дегеніміз не?
Зерттеу құралы ретінде физикада қандай әдістер қолданылады?
Эксперимент жасау барысында қандай қауіпті жағдай туындауы мүмкін?
Еске түсіру үшін тапсырма:
http://learningapps.org/1107206
масса бірліктерін ХБЖ келтіріңіз
http://learningapps.org/595801
ұзындық бірліктерін өсу ретімен орналастырыңыз
|
Презентация
ҚТЕ қайталап өтуге болады
|
10 мин
10 мин
10 мин
|
Теориялық мәлімет.
Физикалық шаманың негізгі 5 сипаттамасы бар: Атауы, белгісі, анықтамасы, сан мәні, өлшемі.
Физикалық шамалар құбылыстардың қасиеттерін сандық тұрғыдан сипаттайды.
Физикалық шаманың өлшем бірлігі (англ. unit of measurement) – бұл физикалық шаманың шартты түрде сандық мәні 1-ге тең және біртекті физикалық шамалардың мөлшерін көрсететін ұғым.
физикалық шамалардың Бірліктер жүйесі (system of units of measurement)
негізгі (англ. base unit of measurement) бірліктерінің кейбірін ғана (метр [м], килограмм [кг], секунда [с], ампер [А], кельвин [К], моль [моль] және кандела [кд]) қамтитын;
ал қалған өлшеу бірліктер сол негізгі бірліктердің туынды (англ. derived unit of measurement) бірліктері ретінде анықталады.
Негізгі бірліктер: Туынды бірліктер:
Физикалық эксперимент
Эксперимент – табиғаттағы құбылыстарда орын алатын себеп-салдар тәуелділіктерді анықтау үшін қолданылатын физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі. Физикалық экспериментте құбылыстарды зерттеу үшін қолайлы жағдайды қолдан жасап, болып жатқан өзгерістерді қадағалап отыруға болады Эксперименнті сипаттау үшін қолданылатын негізгі түсінік – физикалық айнымалы шама.
Айнымалы шамалардың түрлері:
Тәуелсіз физикалық шаманы экспериментатор өзі өзгертеді.
Тәуелді физикалық шама тәуелсіз шаманың өзгерісіне тәуелді өзгереді.
Өзгермейтін шамалардың тұрақтылығын экспериментатор өзі қадағалап отырады.
Өлшеу қателіктері
Өлшеу дәлдігі – анықталатын шаманың нақты өлшемінің өлшенген мәнінен айырмашылығы. Өлшенетін шаманың сипаттамасына сәйкес өлшеу қателігі әр түрлі тәсілдермен анықталады.
Абсолют қателік
Өлшеу мәндері әр түрлі болу мүмкін: 25 мм; 24 мм; 27 мм. Осы мәндердің ішінде орташасы нақты өлшемімен дәлірек болады:
Арифметикалық орташа мәні мен өлшеген мәнінің айырымы абсолют қателік деп аталады.
Салыстырмалы қателік
Абсолют қателікті анықтау жеткіліксіз. Себебі, бір шаманы әртүрлі аспаппен өлшегенде, дәлдік ауытқып отыруы мүмкін. Мысалы: қарындаш ұзындығы – 17 см, ал футбол аланының ұзыныдғы – 10028 см. Қай жағдайда өлшеулер дәлірек болады? Әрине, екінші жағдайда. Бірақ, абсолют қателік екі жағдайда бірдей: = ±1 см.
Мұндай жағдайларда салыстырмалы қателікті анықтау дұрыс болады.
Салыстырмалы қателік абсолют қателіктің ізделінді шаманың өлшеміне қатынасына тең. Мысалы:
Өлшеу кезінде орын алатын қателіктер үш типті болады – жүйелік, кездейсоқ және дөрекі қателер.
Егер эксперимент барысында құралдардың құрылысында ақаулар болса немесе аспаптар дұрыс орналастырылмаса, өлшеу тәсілдұрыс таңдалмай немесе формула дұрысқорытылмаған болса, онда жұмыс нәтижесінде жүйелік қателер орын алу мүмкін. Бұл қателер барлық қайталанатын тәжірибелерде кездеседі. Практикалық жұмыс барысына сыртқы факторларға тәуелді өзгертулерді енгізіп, жүйелік қателерді азайтуға болады.
Жүйелік қате шаманың нақты мәнін арттыру немесе кеміту мүмкін. Сол себептен абсолют қателік « ± » арқылы жазылады.
Кездейсоқ қателердің себептері әр түрлі: температураның өзгеруі, жер сілкінісі, жел, мұндай жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес.Кездейсоқ қателергеэкспериментатордың көру, есту қабілетіндегі ақаулар әсер ету мүмкін. Өлшенетін заттың өзіндік қасиеттерімен байланысты болатын қателер де кездейсоқ деп саналады.
Кездейсоқ қателердің эксперимент нәтижесіне әсерін азайту үшін тәжірибелерді бірнеше рет қайталаған дырыс. Егер кездейсоқ қате аспап қателігінен төмен болса, көп рет қайталаудың қажеті жоқ. Ал егер кездейсоқ қате аспап қателігінен үлкен болса, тәжірибені ең кемінде 5 рет қайталағаны дұрыс.
Қосымша: Түзусызықты графиктің градиентін анықтау
Түзудің градиенті (көлбеулігі) график сызығы мен көлденең арасындағы бұрыштың тангенсына (tgα) тең. Біздің мысалда ол зат тығыздығын береді.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
|
Презентация
Немесе https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/fizika-negizi/kirispe/lesson/fizikalyq-shamalar-olardyng-olshem-birligi
Тапсырмаларын орындауды ұсынуға болады
|
Үй жұмысы
|
Теориялық мәлімет
|
|
3 мин
|
Рефлексия
Не білемін? Не үйрендім? Не білгім келеді?
|
презентация
|
Саралау – білімгерлердің қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – білімгерлердің материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы
|
Барлық білімгерлер:
|
Тақырыптың меңгерілуі сабақтың барлық кезеңдерінде бақыланып отырады. Білімгерлердің жеке және жұптық жұмыс жасау бақыланады
|
Бұл сабақта қауіпсіздік техника ережелерімен танысады
|
Сабақ бойынша реф-лексия
Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұ-рыс қойылған ба?
Білімгерлердің барлы-ғы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұ-рыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыт-тық кезеңдері сақ-талды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз саба-ғыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|