Paint графикалық редакторы бұл сурет салуға арналған редактор.Редактор мүмкіндіктері: сурет салуға, көшіруге, суретті сақтауға ашуға, көбейтуге, бұруға, созуға,суретке мәтін кірістіруге және т.б. әрекеттер орындауға болады. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. Программаны іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:Пуск-Программы-Стандартные-PaintКомандалар орындалған соң экранға Paint графиктік редакорының терезесі шығады.
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады: негізгі-бұл түстер біз сурет салатын түс және қосымша – бұл фон түсі. Программа іске қосылғанда сурет салатын түс –қара , фон түсі- ақ болып орнатылады.
Палитраның сол жағында айқасқан екі төртбұрыш орналасқан. Жоғарғысы сурет түсі, ол түстіңүстінде маустың сол жағын басу арқылы таңдалады, төменгісі – фон түсі, ол түстіңүстінде маустың оң жағын басу арқылы таңдалады. Құрал таңдап алу.
Paint графиктік редакорында 16 құрал пайдаланылады. Оладың міндеттерін білу үшін маус нұсқағышын құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылаған кішкене төртбұрыш шы