Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі туралы жасалған кесте. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады.
1. Элементтер периодтық жүйеде қандай белгілеріне қарай орналасқан?
2. Периодтық жүйе қалай құрылған?
3. Периодтық жүйеде атом ядросы зарядының артуына байланысты элементтердің қасиеті қалай өзгереді?
4. ІҮ-ші периодтағы нағыз металдар мен нағыз бейметалдарды атаңдар.
5. Периодтық жүйеде неше топ бар?
6. Топтар қалай бөлінеді?
7. Атомның ядро зарядына байланысты топшаларда элементтердің қасиеті қалай өзгереді?
8. І -топтағы ең белсенді металды және VII -топтағы ең белсенді бейметалды атаңдар.