Сабақ тақырыбы: ««Қылмыстық құқықтың басқа құқық салаларынан ерекшелігі неде?»


Қ.Б: «Білім ағашы» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау Саралау



бет4/5
Дата09.12.2021
өлшемі0,99 Mb.
#78579
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
билу тусину денгей (1)

Қ.Б: «Білім ағашы» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау

Саралау. Диалог және қолдау көрсету
2 тапсырма: «IDEAL» тәсілі

1. Топтарға оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасату. Жағдаятты талқылаңдар (топ мүшелері ситуациялардағы нақты мысалдарды қарастырып, ҚР Конституциясы және ҚР Қылмыстық Кодексін негізге ала отырып, өз шешімдерін ұсынады).



1-топ: Сабақ аяқталған соң С.деген 7-сынып жетекшісінің өтініші бойынша мұғалімдер бөлмесіне кіріп, шкафқа сынып журналын қойды. Ұстаздар мұғалімдер бөлмесіне келген кезде, біреуінің сөмкесінен ақша жоғалғаны белгілі болды. Ол онша көп ақша емес еді. Мұғалімдер ақшаны С. алды деп шешті, өйткені бөлмеге ең соңғы кірген сол еді. С-ны шақырып, онымен түсінік жұмыстарын жүргізді.

Сұрақтар:

  1. Мұғалімдер дұрыс істеді ме?

  2. Аталған қоғамдық қатынастар қандай нормалармен реттеледі?

  3. Бұл жағдайды сендер қалай шешер едіңдер?


Дескрипторлар:

  • Мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтайды;

  • Мұғалімдердің проблемаларды шешудегі іс-әрекетін түсіндіреді;

  • Қоғамдық қатынастар қандай нормалармен реттелетінін анықтайды;

  • Проблеманы шешудегі өз ұсыныстарын айтады.

2-топ: Студенттер емтиханға дайындалмады. Оқушылар ЖОО жағынан болатын жағымсыз салдардан қауіптенген студенттер жарылғыш зат қойылғаны туралы айтып, университетке телефон соқты. Қауіп-қатерге байланысты университет қызметкерлерінің бәрі мекемеден шығарылды. Полиция қызметкерлері жарылғыш затты табу мақсатында алты сағат бойы мекемені тексерді. Ондай ештеңе табылмады.

Сұрақтар:

  1. Студенттер қандай жауапкершілікке тартылады?

  2. Студенттерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға бола ма?

Дескрипторлар:

  • Мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтайды;

  • Студенттер қандай жауапкершілікке тартылатынын анықтайды.

3 – топ: Д. мен К деген кәмилетке толмаған жасөспірімдер саябақта қыдыр жүріп 18 жастағы А-ны кездестірді. А.оларға еліткіш затты қолдануды ұсынып, екеуіне бір-бір пакет берді. Кәмилетке толмаған Д.үйіне келген соң бұл жағдайды ата-анасына айттй. Келесі күні Д.пакетті ата-анасымен бірге полицияға алып барды. Ал К.деген екінші жасөспірім қолындағы пакетпен үйінің ауласында ұсталды.

Сұрақтар:

  1. Кім қандай жазаға тартылады?

  2. Осындай жағдайға тап болуы мүмкін балаларға қандай ақыл айтар едіңдер?

Дескрипторлар:

4 – топ: 14 жастағы С.өз достарының және айналасындағы үлкендердің көзіне түсу үшін ғана 13 жастағы М-ді итеріп жіберді. М.тепе-теңдігін ұстай алмай құлап кетті де, қарсы келе жатқан көліктің астына түсті. Алған жарақаттарының кесірінен ауруханада жатқан М. екінші күні қайтыс болды.

Сұрақтар:

  1. Жасөспірімнің өліміне кім жауапты?

  2. Жол жиегінде жүрген балаларға қандай ақыл айтар едіңдер?

Дескрипторлар:

  • Мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтайды;

  • Жасөспірімдердің іс-әрекетін сипаттайды;

  • Жасөспірімдерге өз ұсыныстарын айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет