Отбасының кәмлетке толмаған,қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау
Отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету,осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері
Отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдануы
Тапсырма:
- Әрбір қағидаттың мағынасын ашыңдар.
-Отбасы үшін бұл қағидаттардын маңызы неде?
-Сендердің бұл қағидаттарға деген көзқарастарың қандай?
Неке отбасын құру үшін негіз болып табылады.
Неке- ерлі- зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында заңмен белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған ер-азамат пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.
Неке және отбасын қорғау екі нысанда жүзеге асырылады:
Отбасы құқығын,бұзылған немесе таласқа салынған құқықтарын қорғау бойынша
Өкілетті мемлекеттік органдардың тартылуымен қорғау.
Отбасылық құқықтар мен мүдделерді қорғау бойынша ұйымдар мен азаматтардың әрекеті.Бұл әрекеттер көмек сұрап мемлекеттік органдарға жүгінусіз,азаматтардың өз бетімен жүзеге асырылады.
Неке, неке жасына –он сегіз жасқа толған ер-азамат пен әйелдің өзара ерікті келісімі негізінде қиылады. Егер неке зорлық, алдау, қорқытудың жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз болып жариялануы мүмкін. Некеге отыруға келісім некені тіркеу процесінде некеге отырушы тұлғаның тікелей өзімен ауызша білдіріп оның қол қоюымен расталады.
Некені тіркеу некеге отырушы адамдардың қатысуымен жүзеге асырылады.Сенімхат немесе өкіл арқылы неке қиюға тиым салынады.Күзет қарамағындағы немесе бас бостандығыннан айырылған адамдар да некеге отыра алады.Бұл ретте,мемлекеттік тіркеу бостандығыннан айыру немесе күзет қарамағындағы орнында өткізеді.
Некені тоқтату дегеніміз-ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтық қатынастарының тоқтатылуы.
Неке заңмен анықталған мән-жайлар салдарыннан немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің тілек білдіруімен тоқтатылады.
Некені тоқтататын мән-жайларға мыналар жатады.
-жұбайының қайтыс болуы
-ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болғаны туралы сотпен жариялануы
-некені бұзу(ажырасу).
Некені тоқтату туралы негіздер тізімі осылармен тұйықталады.