Сабақтың
басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың
соңы
|
Қызығушылықтарын ояту. Оқушыларға ой түрткі жасау, ой қозғау және шығармашылық идеяларға қарай бағыттау. Ол үшін бірнеше сұрақтар беру:
Қылмыс дегеніміз не? 2-3 мысал келтіріңдер.
Қылмыс— қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.( “Қазақ энциклопедиясы” /Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 1998)II бөлiм. Қылмыс,9-бап.
Анықтамаларын беру арқылы өздік түзетулер жасатқызып академиялық ұғым мен термин сөздерді дұрыс айтуга үйрету.
Қылмыстық кодекс (ағылш. criminal code, нем. Strafgesetzbuch it, орыс. уголовный кодекс) — бірыңғай, жүйеленген заңнамалық акт, қылмыстық заң.Қандай қоғамдық қауіпті әрекеттер қылмыс болып есептелетінін анықтайтын және оларды жасағаны үшін жазалауды тағайындайтын қылмыстық заңнамалық акт болып табылады.
(Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008)
Ж етекші сұрақтар арқылы толықтырылып болған соң бүгінгі тақырып пен оқу мақсаттарытаныстырылады.
Тақырыпқа ену үшін сабақтың басында 3-мин. https://www.youtube.com/watch?v=wFxALZpUmzA
Бейнебаян көрсету онда мынадай сұрақтарға жауап түртіп отыруды сұрау: Қазір осы бейнебаянға байланысты сұрақтар болатынын ескерту. Атап айтқанда, олар:
-Не көріп отырсыздар?
- Қандай мәселелер қарастырылған?
-Бұл мемлекет үшін,әрі қоғам үшін неліктен маңызды? т.б.
Бейнебаяндағы басты ой не болып табылатындыгына баса назар аудара отырып тақырыпқа ену.
|