(Иелену хақысы– меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;
Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату; Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу. Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде. ) оқушылардың ойымен бірге бөлісе отырып, ашу.
Сабақтың ортасы
12 мин
10-мин
10 мин
№2. Білу.Түсіну.Төмендегі тақырыптарды топпен зерттеуге беріледі.Топтық жұмысты постер немесе семантикалық карта арқылы қорғайды.
1-топ. Меншік түрлері.
2-топ. Ие болу түсінігі.
3-топ. Меншік құқығының тоқтатылу тәсілдері.
Өзара топтық бағалауды ұйымдастырыңыз
№3Қолдану.Жұптық жұмыс.Азаматтық кодекстің 188-бабына сүйене отырыпменшік құқығы және оның негізгі өкілеттілігіне мысал келтіреді.