- «О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебі»ММ
- Тақырыбы: Жас математиктер сайысы
-
- Өткізген: Шошақ Алмагүл
- Білімі: Жоғары
Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру және логикалық есептерді жылдам шығара білуге үйрету, әртүрлі сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру.Ұйымшылдыққа, шапшандыққа,тазалыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Жоспар - 1. Ұйымдастыру
- 2. Әділқазылар алқасымен таныстыру
- 3. Сайыстың жүру барысы
- 4. Қорытынды
- Көрнекіліктер: плакаттар, есептер, слайдтар, карточкалар т.б
- Түрі: сайыс сабақ
Барысы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 5-6-сыныптар арасындағы «Жас математиктер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етініздер! Ойын 5 кезеңнен тұрады. Олар: І ойын, ІІ ойын, ІІІ ойын, ІV ойын шешуші ойын, V ойын ақтық ойын деп аталады. Алғашқы ойынға 3 оқушыдан 9 оқушы қатысады. Олардың әр қайсысына 3 сұрақтан беріледі. Әр кезеңдегі үш ойыншының ең көп ұпай жинаған біреуі шешуші ойынға, одан ақтық ойынға қатысады. - 1-оқушының сұрақтары:
- 1) Математика оқулығының авторы кім?
- 2) Үш таңбалы 87? саны 5-ке де, 3-ке бөлінеді. Осы санның соңғы цифрын тап. (870)
- 3) Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым, математик.
- Жауаптары:
- 1) Алдамұратова Т.А.
- 2) 870 саны
- 3) Әл-Фараби
Алғашқы ойын І-ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар - 2-оқушының сұрақтары:
- 1) Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы математигі.
- 2) Әріптерді цифрлармен ауыстыр АБ
- + А
- БВВ
- 3) Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер олардың әрқайсысы 2
- партиядан ойнаса,онда барлығы неше партия ойнады?
- Жауаптары:
- 1) Евклид
- 2) А-9, Б-1, В-0
- 3) 3-партия
Алғашқы ойын І-ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар - 3-оқушының сұрақтары:
- 1) Алгебра оқулығын ең алғаш жазған, алгебраның негізін қалаған Орта
- Азиядан шыққан ғалым.
- 2) Көбейтіндіні тап. 1х2х3х4х5х6=Х
- 3) Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағ 20 мин ұшады. Ал кері қарай 80
- мин ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады.
Алғашқы ойын ІІ-ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар - 4-оқушының сұрақтары:
- 1) Алгебралық теңдеулерді жете зерттеген белгілі француз математигі.
- 2) Суретте барлығы неше үшбұрыш бар?
- 3) Екі санды 2 және 3 саннын алыңыздар. Олардың ортасына белгі қойыңыз. Сонда шыққан сан екіден көп үштен кем болуға тиіс.
- Жауаптары:
- 1) Франсуа Виет
- 2) 13
- 3) 2,3
Алғашқы ойын ІІ-ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар - 5-оқушының сұрақтары:
- 1) Математикадан координаттар әдісін жете зерттеген француз математигі, әрі физигі.
- 2) Суретте барлығы неше шаршы бар.
-
- 3) Жанұяда 5 ұл және әр ұлдың 1 әпкесі бар. Жанұяда барлығы неше бала бар.
- Жауаптары:
- 1) Р. Декарт
- 2) 14
- 3) 6 бала
Алғашқы ойын ІІ-ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар - 6-оқушының сұрақтары:
- 1. Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым.
- 2. Шаршы формалы шоколад 12 бөліктен тұрады. Осы кішкене шаршы бөліктерді жеке бөліп алу үшін неше рет сындыру керек. Әр жолы бір кесектен ғана бөлініп шығады.
- 3. Дәптер қабымен бірге 95 тг тұрады. Дәптердің өзі қабынан 90 тиын қымбат. Дәптер мен оның қабы жеке, жеке, қанша тұрады.
- Жауаптары:
- 1) Аристотель
- 2) 11 реттен
- 3) 92,5 т; 2,5 т
Алғашқы ойын ІІІ-ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар - 7-оқушының сұрақтары:
- 1. Евклидтік емес геометрияның негізін салған орыстың ұлы математигі.
- 2. Амал таңбалары мен жақшаны пайдаланып, үш бестіктен нәтижесі 2-ге тең өрнек жаз.
- 3. Қысқартылған жай бөлшекті қай кезде қысқартуға болмайды.
- Жауаптары:
- 1) Лабочевский
- 2) ((5+5)/5=2
- 3) Жай бөлшек еш уақытта қысқармайды
Алғашқы ойын ІІІ-ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар - 8-оқушының сұрақтары:
- 1.Аулада бірнеше қоян мен қаздар жүр. Олардың аяқтарын санағанда тең
- болып шықты. Қоян мен қаздың қайсысы көп. Неше есе көп.
- 2. Амал таңбалары мен жақшаны пайдаланып үш бөліктен нәтижесі 0-ге
- тең өрнек жаз.
- 3. Аспанда 5 үйрек ұшып барады. Біреуін атып түсірсе , нешеуі қалады?
-
Алғашқы ойын ІІІ-ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар - 9-оқушының сұрақтары:
- 1.Ондық бөлшектермен есептеу ережесін жазған Орта Азиядан шыққан атақты ғалым.
- 2. Амал таңбалары мен жақшаны пайдаланып үш бестіктен нәтижесі 5-ге тең өрнек жаз.
- 3. Бөлмеде 4 мысық отыр, әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр.
- Жауаптары:
- 1) Әл-Кәши
- 2) (5-5)+5=5
- 3) 4-мысық
Осы 3 ойын арасында жанкүйерлерге төмендегідей сұрақтар қойылады: - 1. Барлық бұрышы тең болатын төртбұрыш
- 2. Ұшақ Семейден Астанаға дейін 1сағ 40мин ұшады, ал кері қайтқанда 100мин ұшады. Айырмашылығы қандай.
- 3. Наурыз той кезі. Ат жарысы өтуде.
- Сұрақ : үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады?
- Жауаптары:
- 1) Тіктөртбұрыш
- 2) Айырмашылық жоқ
- 3) 60 км-ден
ІV-ойын Шешуші ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар. - 1-оқушының сұрақтары:
- 1) Қандай үш санның көбейтіндісі оның қосындысы мен тең.
- 2) 3*3 шаршының бос бөліктеріне 1-9 сандарын әр жолда тігінен және көлденең қосқанда 15 шығатындай етіп орналастыр.
- 3) Жанар қағазға 86 санын жазып өзінің досына айтты, ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. Ол қалай?
- Жауаптары:
- 1) (1*2*3=1+2+3)
- 2)
- 3) Төңкеріп оқу
ІV-ойын Шешуші ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар. - 2-оқушының сұрақтары:
- 1) Қай кезде бөлінгіш пен бөлгіш тең болады.
- 2) 3*3 шаршыдағы бос бөліктерге әрі тік және көлденең жолда (Қ-қызыл, Ж-жасыл, К-көк) бір түсті бір рет кездесетіндей етіп әр шаршыға орналастыр.
- 3) Биіктігі 10м ағашқа ұлу күндіз 5м жоғары көтеріліп, түнде 4м төмен түседі. Ұлу ағаштың басына неше күнде шығады.
- Жауаптары:
- 1) Бөлінді 1-ге тең болғанда
- 2)
- 3) 6 күнде
ІV-ойын Шешуші ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар. - 3-оқушының сұрақтары:
- Қандай бүтін сан кез-келген бүтін санға қалдықсыз бөлінеді?
- 6, 5, 4, 3, 2, 1 сандарды әр жолдағы дөңгелектерге қосындысы 12-ге тең болатындай етіп орналастыр.
- 3. Екі әке мен екі бала таңертең дастархан басында үш жұмыртқа жеді. Мұнын өзінде бұлардың әрқайсысы бүтін жұмыртқадан жеді. Мұны қалай түсінеге болады.
- Жауаптары:
- 1) 0-саны
- 2)
- 3) Атасы, баласы және немересі
Жанкүйерлерге сұрақ. V-ойын. Ақтық ойынға қатысушыға берілетін сұрақ. - 1. 1) Суреттегі тиынның үшеуінің орнын ауыстыр.
- 2) Суреттегідей орналастыр.
-
- 2. «Математика» сөзінен сөз құрау керек, қай оқушы көп сөз
- құраса, сол оқушы жеңеді.
Жанкүйерлерге сұрақ. - 1) Мына үшбұрышта қанша үшбұрыш
- бар?
Жанкүйерлерге сұрақ. - 2. Бір шиді жылжытып теңдікті тура ет.
Сайысты қортындылау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |