Сабақ тақырыбы: Кестелерді, суретті, бейнені және дыбысты кірістіру. Сабақтың мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі38,15 Kb.
#17890
түріСабақ
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі

Икаева Улболсын Камидуллаевна

6 сынып

Сабақ тақырыбы: Кестелерді, суретті, бейнені және дыбысты кірістіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Microsoft Power Point бағдарламасында кесте, сурет, бейне мен дыбыс кірістіруге түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Олардың шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту;

Тәрбиелік:Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Блум жүйесі

Сабақ түрі: аралас

Сабақ көрнекілігі: компьютерлер, үлестірме қағаздар, ұпай парақшалары, электронды тақта

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. “Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап...” “Келесі” ойыны.

3. “Білгенге маржан...” Жаңа тақырыпты түсіндіру. Негізгі ұғымдарды үйрету.

4. “Талпынған бала талапты құстай...” Жаңа білімді қолдану. Практикалық тапсырмаларды орындау

5. “Ізденген жетер мұратқа...” Тест жұмысы

6. Сабақтың қорытындысын әр оқушымен жекеше ойластыру.

7. Үйге тапсырма беру.

8. Бағалау.

Жүрісі:


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушыларды 2 топқа бөлу.

  2. Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап...” “Келесі” ойыны. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орыннан тұрып жауап береді.

  1. Microsoft Power Point бағдарламасын қалай ашамыз?

  2. Microsoft Power Point бағдарламасында жаңа слайдты қалай қосамыз?

  3. Файлды- алғаш рет сақтау үшін қолданылатын команда.

  4. Microsoft Power Point бағдарламасында слайдтарды үлкен экранға шығару командасы қандай?

  5. Microsoft Power Point бағдарламасында демонстрация файлдарының кеңеймелері қандай болады?

  6. Презентация шаблонын қандай меню арқылы түрлендіре аламыз?

  7. Microsoft Power Point бағдарламасының терезе элементтері неден тұрады?

  8. Ойды, адамдармен өнімдерді , шикізат қызмет түрлерін ұсыну – бұл әрдайым …

  9. Презентация латын тілінен немесе ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?

  10. Слайд дегеніміз-

Білгенге маржан...” Жаңа тақырыпты түсіндіру. Негізгі ұғымдарды үйрету.

СamStudio бағдарламасында түсірілген бейне бойынша сабақ түсіндіру.



Кестені слайдқа енгізу:

Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) – Таблица (Кесте) – Вставить таблицу (Кесте кірістіру) командасын орындау.



Суретті слайдтқа енгізу :

Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Рисунок (Сурет) командасын шерту. Компьютерде бар суреттерді кірістіру үшін.

Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Клип командасын шерту. Power Point бағдарламасының суреттерін кірістур үшін.

Слайдтқа бейнені енгізу:

Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) – Фильм – Фильм из файла (Файлдағы фильм)



Слайдтқа дыбысты енгізу:

Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) – Звук (Дыбыс) – Звук из файла (Файлдағы дыбыс)



Компьютермен тапсырма орындар алдында ЕТК-гі ережелерді еске түсіру.

Екі топқа «Табиғат – тал бесігің» және «Мәдени мұра – халық игілігі » тақырыпта презентация жасап қорғау тапсырылады.

Әр топ өздері дайындаған шығармаларын қалай көркемдеп, безендіргендерін айтып береді.



Сергіту сәті: көз жаттығуларын жасау.

5. “Ізденген жетер мұратқа...” Тест жұмысы арқылы сабақты бекіту.

  1. Слайдты үлкен экран етіп қарауға мүмкіндік беретін перне:

А) F7

Ә) F5 +

Б) F1


В)F4

2. Слайдқа бейне қою командасы:

А) Вставка - Рисунок

Ә) Вставка – Звук

Б) Вставка – Фильм +

В) Вставка – Клип

3. Слайд бетіне суреттер, кестелер қою менюі (мәзірі):

А) Файл


Ә) Вставка +

Б) Показ слайдов

В) Дизайн


  1. Үлкен экраннан шығу пернесі:

А) Tab

Ә) Alt


Б) Delete

В) Esc +
6.Инсерт әдісі бойынша Не білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді? Сұрақтарына жауап іздеу. Сабақтың қорытындысын әр оқушымен жекеше ойластыру.



7. Үйге тапсырма беру:

1) «Менің жанұям» тақырыбына презентация құру.

2) «Презентация» тақырыбына сөзжұмбақ.

8. Бағалау.

Бағалау критерийі

10 ұпай және одан жоғары - «5»



7 - 9 ұпай - «4»

5 - 6 ұпай - «3»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет