Сабақ тақырыбы: Киелі сандардың құпиясы Сілтеме



Дата01.06.2017
өлшемі52,87 Kb.
#17309
түріСабақ
9 (орыс) сынып

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Сыныбы:

9 б

Пәні:

Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы:

Киелі сандардың құпиясы

Сілтеме:

ҚР Білім беру стандарты, пән бағдарламасы, Қазақ тілі оқулығы-

9 сынып.


Авторы: Артыкова Т.М., Боранбай М. Б.  http://bilimkozy.idhost.kz/1600-sabak.html

Жалпы мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу, сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып оқушылардың білімдерін тиянақтау.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.


Әдіс- тәсілдер:

Блум таксономиясы бойынша сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдіс- тәсілдері

Күтілетін нәтиже

Халықтық ырымдарды, болжамдарды, тұжырымдарды қажеттілігіне қарай өз тәжірибесіне пайдалануға тырысады.

Сандар сырын білуге құштарлығы артады.

Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;

Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу;

Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.


Негізгі идеялар

Оқушыларға қазақ халқының дәстүрлерін сандар арқылы үйрету. Сандар сырын білуге құштарлығын арттыру.

Дереккөздер

Интернет деректері, бейнефильм , сайттар, ресурстар

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

І Ұйымдастыру


Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Не құнды?» тренингін өткіземін

Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Не құнды ? екенін сыни ойлана отырып жауап береді (Мыс: отбасы құнды, білім құнды, уақыт құнды, салт- дәстүріміз құнды.)

Топқа бөлу


Сыныпты 2 топқа бөлу, сыныпта 8 оқушы , әр топ 4 оқушыдан болады.

Сынып оқушылары пазлдар арқылы топқа бөлінеді: «Жеті» және «үш» тобы болып бөлінеді.




Үй тапсырмасын сұрау. Жұптық тапсырма.

1. «Мозаика» әдісі бойынша кеспе қағаздардан сөйлемдер құрау.

2. «Сұрақ- бізден, жауап –сізден»:

1 Енші дегеніміз не?

2. Жасау дегеніміз не?

3. Жерұшық қандай дәстүр?



1. Оқушылар кеспе қағаздардағы сөздерден сөйлем құрайды.

І. Білу,тану

1. Кіріспе.

7 және 3 сандарының сыры туралы ой бөлісу. Қазақ халқында жеті, үш сандары киелі деп есептелген.



ІІ. Түсіну

(топтық тапсырма)




І топ «Жеті» тобы:

Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?



ІІ топ: «Үш» тобы:

Үш санына байланысты не айтар едіңдер?



І топ « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған, 17- ғасырда Тәуке ханның

«Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болғанын айтады.



ІІ топ Үш санына байланысты әр түрлі мәліметтер айтады. Мысалы: Үш із, үш ғайып, үш алыс, үш арсыз, үш байлық, үш мақсат , үш би т.б.

ІІІ. Қолдану


«Ашық микрофон»

Диалог орнату мақсатында жеті қазына туралы оқушылармен сұхбат.

Жеті қазынаны білмейтін қазақ баласы жоқ деп ойлаймын. Соның негізінде ұлттық арнамыздан тілші келіп отыр. Бірнеше сұрақтар қояды.


Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  1. Жеті қазынаға нелер жатады?

  2. Осы ұғымдарды жеті қазынаға жатқызу себебі неде деп ойласыңдар?

  3. Тағы қандай басқа санға байланысты ырым, нанымдар білесіңдер?

Сергіту сәті


Бейнефильм көру. «Сандар сыры»

Әр оқушы өзіне ұнайтын сан ойлап, бейнефильмнен өзі туралы мінездеме тыңдай алады.

ІҮ.Талдау


Оқулықпен жұмыс.

1.1,2 тапсырмаларды орындау.

2. Сатылай кешенді талдау жасау.


I тапсырма:

«Үш» тобы :

  1. М. Мақатаев туралы айтып беру.

  2. «Үш бақытым» өлеңін оқу, үш бақытты атау.

«Жеті» тобы:

1.Жеті жетімді атау.

2. Мәтін бойынша тоғыз жетімді атап, жазбаша орындау.

ІІ тапсырма:

Сатылай кешенді талдау: Екі топ жеті, үш сөз-деріне лексикалық- грамматикалық талдау жасайды.


Ү.Жинақтау

Топтық жұмыс

  1. Жеті , үш сандары туралы мәліметтерді сәйкестендіру./слайдта жазылып тұрады/.

  2. Қасиетті сандар туралы мақал- мәтелдер айту.

ҮІ.Бағалау

Бүгінгі тақырып бойынша не ұқтық?

«Бір айналым сөйлем» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылау.



Тақырып төңірегінде әр оқушы бір сөйлемнен айтып шығады.

Қорытынды баға

Критерий бойынша әр оқушы гүл бейнесіндегі өзін- өзі бағалау бетшесіне баға қойып, орташа бағаларын айту керек.

Күнделіктеріне бағасын қойдырады

Рефлексия

Сабақтан алған әсері

Сабақтан алған әсерін айтады. Көңіл күй смайликтеріне стикерлерді орналастырады

Үй тапсырмасын беру.

9,40 сандары туралы мәлімет жинау



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет