Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
Жазылым дағдысы
Ж4. Мәліметтерді жинақтау
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар көрген бейнематериалдары бойынша мәлімет жинақтап, нәтиже шығара алады;
Өз ойларын еркін жеткізе алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тіл мәдениетін дамытады
|
Пәнаралық
байланыс
|
Өнер
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Әр елдің ұлттық киімдері турлы ақпарат
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз).
|
Дереккөздер
|
Сабақтың
басы
2 мин
5-6 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын еске түсіру.
Оқушылар өздері тауып келген қазақтың ұлттық
киімдерінің ерекшелігімен ой бөліседі. Мысалы,
Сәукеле – қыздардың ұзату тойында киетін сәнді, әшекейлі бас киімі.
|
Мұғалім нұсқаулығы
|
Сабақтың ортасы
5-6 мин
Топтық жұмыс
10 мин
6 мин
Жұптық жұмыс
5 мин
|
Корей қалыңдығының Грек әйелдерінің
ұлттық киімі ұлттық киімі
Оқушыларды алдын ала партаның астына жапсырылған үштүрлі стикердің көмегімен 3 топқа бөлеміз. Топтарға BilimLand.kz порталынан «Киімді қайдан аламыз?» бейнебаяны көрсетіледі.
Тапсырма №1.
Топтар берілген сұрақтар бойынша мәліметтерді жинақтап, сызба-кесте жасаулары керек.
Үлгі:
1-топ. Зығыр мен мақтадан жіп қалай алынады және олардан қандай киімдер тігуге болады?
2-топ. Жан-жануарлардан жіп қалай алынады, сондай-ақ, олардан қандай киімдердің түрлерін тоқуға болады?
3-топ. Синтетикалық жіптер неден және қалай алынады? Синтетикалық матаның басқа маталарға қарағанда сапасы қандай?
Постер «Диірмен» әдісімен бағаланады, яғни постерлерді бір топтан екінші топқа ауыстырып, оларға стикермен кері байланыс береді.
Тапсырма №2.
Алдыңғы жұмыстың жалғасы. Оқушылар лентаның көмегімен жұпқа бөлінеді.
Мұғалім ұзын бірнеше лентаның ортасынан ұстап, ұшын оқушыларға алуын сұрайды. Бір жіптің екі ұшын ұстаған оқушылар жұптасады.
Жұптарға ортақ сұрақ қойылады:
Осы маталардың қайсысы адамға пайдалырақ және неліктен?
|