К іріктірілген шартта бір IF операторының құрамына екінші IF операторы енеді. Егер THEN және ELSE қызметші сөздерінен кейін IF операторы қолданылса, онда мұндай шарт кіріктірілген шарт деп аталатынын айту.
(Т/ж) Тақырыптың мақсатын ашуға тапсырма: Функцияның мәнін есептеу үшін кіріктірілген шарттарды пайдалану.
А деңгейінде :Бер.есептің алгоритмін түзіп, Паскаль тілінде бағдарламалау, нәтижесін компьтерде көрсету.
1-есеп: А бүтін саны берілген. А санның оң немесе теріс сан екенін анықтаңдар. Егер берілген сан оң болса «1», теріс болса «-1», сан нөлге тең болса «0» деген жауап шықсын.
Алгоритмді алдын ала жазу жолы: Есепте A>0, A<0 шарттары туындайды. Бұл есепте нөлге тең жағдайын қосып қарастырсақ, онда шарттардың саны екеу емес, үшеу болады. Екі шарттан артық болған жағдайда кіріктірілген шарттарды қолданамыз.
var а: integer; begіn readln (a); іf a= 0 then write (0) else if a>0 then write (1) else write (-1) end.
В деңгейінде оқушыға тапсырма: Бер.есептің алгоритмін түзіп, Lazarus бағдарламалау ортасында бағдарламалау, нәтижесін компьтерде көрсету.
2-есеп: А бүтін саны берілген. А саны нөлге тең болса, «нөл», бірге тең болса «бір», екіге тең болса «екі», әйтпесе «Бұл санды білмеймін» сөздері экранға шықсын. Жобаның орындалу кезеңдері бойынша орында.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); var a:integer; begin a:=StrToInt(edit1.text); 0>