Пәні : химия Күні: 21.11.14. Сынып: 9
|
Сабақ тақырыбы:
|
Күкірт қышқылы
|
Мақсаты:
|
Оқушыларға күкірт қышқылының қасиеттерін өмірмен байланыстырып оқыту, есеп шығару дағдысын қалыптастыру; туралы білім бере отырып химиялық реакциялар көмегімен қасиеттерін жаза білуге дағдыландыру,қышқыл жаңбырдың түзілу себептері, қоршаған ортаға әсерлері жөнінде түсінік қалыптастыру
|
Негізгі идея:
|
Күкірт қышқылының қасиеттерін үйрену.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Оқушылардың күкірт қышқылы туралы толық мәлімет алып, реакция теңдеулерін жазып, есеп шығара білуі.Қышқыл жаңбырлар туралы біледі.
|
Оқыту формасы:
|
Топпен жұмыс, диалог әдісі, жұптық жұмыс, СТО, «Миға шабуыл», ізденіс, зерттеушілік, бірін-бірі бағалау, ойын элементтері, «Ия», «Жоқ» әдісі, АКТ
|
Ресурс
|
Электронды оқулық, интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, стикерлер, слайдтар,
|
Сабақтың бөлімдері мен мақсаттары
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Уа қы-
ты
|
Ұйымдастыру:
Сәлемдесу, топқа бөліп, топ ережесін құру. Топ басшысын сайлау. Мақсаты: Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру
|
Оқушыларға топқа бөлініп, бір-біріне жақсы тілектер айтуды тапсырады
|
Оқушыларға топқа бөлініп, бір-біріне жақсы тілектер айтады
|
3 мин
|
«Қызығушылықты ояту»
Мақсаты: Тақырыпты ашу және түсініп өз ойларын жинақтап айту.
|
Қышқыл жаңбырдың түзілуі туралы слайд көрсетеді. «Болжау стратегиясы» бойынша сұрақтар қояды
|
Оқушылар реакция теңдеулерін жазып тақырыпты ашады
|
5 мин
|
«Мағынаны тану»
Мақсаты: Күкірт қышқылы туралы білімдерін одан әрі дамыту.
Қауіпсіздік шараларды сақтауға үйрету
|
Күкірт қышқылы туралы не білеміз ? Оқушыларға ассоциация құруды тапсырады.
Формативті бағалайды.
|
-екі негізді, - ІІ- валентті - оттекті, күшті қышқыл - Сандық құрамы: екі атом сутек бір атом күкірт төрт атом оттек - Сапалық құрамы: сутек, оттек, күкірт атомдарынан тұрады -лакмусты қызыл түске бояйды - оксидтері SO2; SO3
- SO4 қышқыл қалдығы.
|
3 мин
|
«Ой толғау» кезеңі
Мақсаты: Реакция теңдеулерін жаза білуге дағдыландыру
|
І тапсырма. Н 2SO 4 – тің физикалық,химиялық қасиеттері мен қолданылуына постер құру тапсырады.
|
Күкірт қышқылының физикалық,химиялық қасиеттері мен қолданылу туралы постер құрады. Өзара талқылайды.
|
5 мин
|
Мақсаты: Практикалық іс-әрекет арқылы жағымды мотивация қалыптастыру;
|
ІІ тапсырма. Практикалық жұмыстар орындату.
Сырттарынан бақылайды
|
Күкірт қышқылына сапалық реакция жұргізіп, тақтаға теңдеуін жазады
|
7 мин
|
Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
|
ІІІ тапсырма. Әр топқа есептер жинағынан, оқулықтан есептер шығаруды тапсырады.
|
Дәптерлеріне берілген жаттығуларды орындайды
|
7 мин
|
Мақсаты: Шапшаңдыққа, баулу
|
ІVтапсырма. «Ия» «Жоқ» балама тест орындатады.
|
Оқушылар кестені толтырады. Тақтадағы дұрыс жауаппен өзге топтың қатесін тексереді
|
|
Сабақты бекіту
Мақсаты: Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Экологиялық тәрбие беру
|
«Қышқыл жаңбырлардың қоршаған ортаға әсері» эссе жазуды тапсырады.
Сырттарынан бақылайды, формативті бағалайды.
|
«Қышқыл жаңбырлардың қоршаған ортаға әсері» эссе жазады.
|
5 мин
|
Бағалау.
Өзара топпен бағалау, бірін – бірі бағалау
|
Топ басшысына топ мүшелері өзара бағалап бағалау парақшасына толтыруды тапсырады.
|
Өзара бағалайды, өздерінің жұмыстарымен салыстырады. Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.
|
5 мин
|
Рефлексия.
|
«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша сабаққа кері жазуды тапсырады.
|
Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын жазады.
|
3 мин
|