|
Күні: 8.04
|
Сабақ тақырыбы:
|
Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіру
|
Сілтеме:
|
Күнтізбелік жоспар; Математикадан есептер жинағы Қаңлыбаев Әдістемелік нұсқаулық;
|
Жалпы мақсаттар:
|
1. Білімділік: тригонометриялық функциялары бар өр нектері түрлендіруге есептер шығара алады;
2. Дамытушылық: алған білімдері одан әрі дамиды;
3. жауапкершілікке, нақты шешім қабылдауға тәрбиеленеді;
|
|
Бекіту сабағы
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді біледі;
- негізгі тригонометриялық теңбе теңдіктерді біледі;
- тригонометриялық функциялардың мәндерінің кестесін жатқа айта алады;
-қосу формулаларын және қос бұрыштың формулаларын жатқа біледі;
-тригонометриялық функциялардың қосындыны көбейтіндіге,көбейтіндіні қосындыға түрлендіру формулаларын өрнектерді түрлендіруде қолдана алады;
- құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектері түрлендіре алады;
- жауапкершілік сезімі артады,
-өзін өзі бағалай алады;
|
Түйінді идеялар:
|
Тригонометриялық өрнектерді де алгебралық өрнектер сияқты теңбе -тең түрлендіруге болады.
|
Орындалатыніс-әрекеттер:
|
Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері:
|
Оқушылардың орындайтын іс-әрекеттері:
|
Оқыту әдістері
|
1.Ұйымдастыру.
|
1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру.
|
Ынтымақтастық атмосферасын орнықтыру
|
Топқа бөлу
|
Оқушылар білім деңгейлеріне сай АВС болып 3 топқа бөлінеді.
|
|
2. Үй тапсырмасын тексеру
|
Үй тапсырмасына берілген тест тапсырмаларын тексеру
|
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы
|
3. Өткенді қайталау
Әр топтан оқушылар кезектесе шығып берілген формулаларды тақтаға жазады
|
1-топ : Негізгі тригонометриялық теңбе-теңдіктер;
2- топ Қос бұрыштың және жарты бұрыштың формулаларын;
3-топ : қосындыны көбейтіндіге ;көбейтіндіні қосындыға түрлендіру фомулаларын кезектесіп тақтаға жазады.
|
Топтар бірін бірі бағалайды
|
4. Есептер шығару
Топтық жұмыс
|
Емтихан тапсырмалары жинағынан тригонометрияға байланысты есептер шығару
|
Топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау.
Басбармақ арқылы бағалау.
|
5. Оқушылар өз беттерінше есептерді шығарады
Тест тапсырмалары
|
1) Есептеңіз: cos40 cos20 –sin40 sin20
А) 1 В) -1/2 С) 1/2 D)Е) 1
2) Өрнекті ықшамдаңыз: sin 5α cos 4α–cos 5α sin 4α+sin α
А)2cos α В) -2sin α ) sin α D) cos α Е) 2sin α
3) Есептеңіз: sin 80 + cos 80
A) 0 B) -1 C) 2 D) 1 E) -2
4) Өрнекті ықшамдаңыз: (sinα – cosα )2 + 2sin αcos α.
A) 1 B) -1 C) cos α D) sin α E) 2sin α
5)Өрнекті ықшамдаңыз: (1–cos2 α ) (1+tg2 α
A) 1 B) - tg α C) -сtgα D) tgα E) tg2α
6) Өрнекті ықшамдаңыз: tg(– α)cosα + sin α
A) 0 B) tgα C) 1 D) sin α E) cos α
7) Өрнекті ықшамдаңыз: sinα cosα tg α
A) cosα B) sin2 α C) tg α D)sin α E) cosα
8) Есептеңіз: sin2α - tgα сtgα
A) sin α B) - sin α C) - cos2α D) cos2α E) sin2а
9) Өрнекті ықшамдаңыз: 1 – sin2α- cos2α
A) 1 B) 0 C) 2 D) -1 E) -2
10) Өрнекті ықшамдаңыз: tg αсtgα – 1
A) 1 B) -1 С) cosа D) 0 E) 2sin а
|
Өзін-өзі бағалау
|
6. Үйге тапсырма, бағалау, қорытынды.
Үйге тапсырма: емтихан жинағынан есептер
|
Әр оқушы өзін критерий бойынша бағалайды.
Табыс критерийлері:
- Үй тапсырмасы:
-Формулаларды жатқа айтады;
-формуланы қолданып есептер шығара алады.;
-өткен тақырыпты практикада қолданып есептер шығара алады;
-өз ойын нақты жеткізе алады;
|
Өзін өзі бағалау.
|
7. Рефлексия
|
Сабақ туралы өз ойларын айтады.
|
Кері байланыс
|