Сабақ тақырыбы Логикалық операторлар Оқу мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі183,93 Kb.
#84110
түріСабақ
Байланысты:
Камалбаева А.Т. 4-сынып 23.09.20 ж


Сабақ бойынша презентация: https://cloud.mail.ru/public/31jp/5yoLLegeH

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:
Бөлім 1: Бағдарламалау (өтпелі тақырып: «Менің отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар»)

Мектеп:
Күні:23.09.20ж.

Күні:

Машықкердің аты-жөні: Камалбаева А.Т.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Логикалық операторлар

Оқу мақсаты

4.4.1.2 логикалық операторларды қолдану

Сабақ мақсаты

логикалық операторларды қолдануға мысал келтіру;
бағдарламада логикалық операторларды құру және қолдану;
күрделі алгоритмдарды құру және қолдану.

Бағалау критерийлері

  • логикалық операторларды қолданады;

  • қолданылатын спрайттарды, логикалық операторларды атайды және олардың қолданылу мақсатын түсіндіреді;

  • Scratch-та күрделі шарт қосады

Тілдік мақсаттар



Глоссарий: шарт, күрделі шарт, логикалық ЖӘНЕ, логикалық НЕМЕСЕ, логикалық НЕ, айнымалылар, скрипт.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Мысал келтіре аласыз ба?

Құндылықтарды дарыту

Практикалық жұмыс барысында академиялық адалдықты сақтау, өзара бағалау. Сыныптастардың жауаптарын тыңдай білу, этика нормаларын сақтай отырып, объективті баға беру арқылы бір-біріне құрмет көрсету.

Мектеп миссиясын, пайымдау, жаһандық азаматтықты жүзеге асыру

Өздік және топтық жұмыс арқылы өз бетімен жаңа материалды меңгеру. Компьютерді қолдану дағдысын дамыту.



Сабақ барысы

Сабақ жоспары

Сабақтағы іс-әрекет
С, Т, Ө – сынып, топ, өздік жұмыс, ӨӨ, Ө – өзін-өзі және өзара бағалау, Қ – қалыптастырушы бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



(С) Starter. Тақырыпты анықтау үшін видеоны көру (1:40 – 2:40). Сабақ тақырыбына шығу. Бейнені талқылауға мүмкіндік беріңіз.
(С) Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау, бағалау критерийлерін талқылау.

Көрсетілім
https://www.youtube.com/watch?v=sgwjY2wopM4
Слайд 1-3

Сабақтың ортасы


(С) Келесі сұрақтарды оқушыларға қойыңыз: «Шарт дегеніміз не? Шартты қай кезде қолданамыз? Scratch бағдарламасында қандай шарттар бар? Логикалық бөлшектер: ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, НЕ? Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы?». Сұрақтардың жауаптарын оқушылармен талқылаңыз. ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, НЕ логикалық бөлшектерін талқылауға мүмкіндік беріңіз. Осы логикалық бөлшектерді қолдана отырып күрделі шарт құрастыруларын сұраңыз. Өмірмен байланысты мысал келтірсін.
(М) Оқушыларды күрделі шарттармен таныстырыңыз:

(Т, Ө) Тапсырма. Қабілеттілігі негізінде бөлу бойынша дифференциация (бір топта А, В, С оқушылары).
Оқушылар топ болып зерттесін және сұрақтарға жауап берсін.

  • Күрделі шарттар қай командалар блогында орналасқан?

  • Бағдарламада қандай күрделі шарттарды қолдануға болады?

  • Оны қолдану мысалдарын келтіріңіз (логикалық бөлшектерді қолдана отырып күрделі шарттарды құрастырыңыз).

Тапсырманы орындап болғаннан кейін жауаптарды талқылатқызыңыз және өзара бағалауды ұйымдастырыңыз.
(Ө, ӨӨ, қ) Тапсырма (дифференциация).
Кейіпкер өзіне бес баллдық жүйе (1, 2, 3, 4, 5) бойынша баға қоюды сұрайтын және енгізілген санды сол диапазонда жататынын тексеретін скрипт құрастырыңыз.
Қате енгізілген жағдайда (1-ден кем немесе 5-тен артық) ол: «Мектепте ондай баға жоқ!» деп айту керек.
Егер баға дұрыс диапазон аралығында қойылған болса, онда Кейіпкер «Әрі қарай» деп айту керек.
*Дифференциация.
НЕ ____ ЖӘНЕ ____ болгын қолданған кезде ___ НЕМЕСЕ ____ шартын қалай өзгертуге болады?
Тапсырманы орындап болғаннан кейін критерийлер бойынша өзін-өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.


(Ө, ӨӨ, қ) Тапсырма.
Көбіне бағдарламаның орындалуы «ИӘ/ЖОҚ» жауаптарына байланысты. Сондықтан скрипт құрастырған кезде осы жауаптардың түрлі жазылуларын ескеру қажет: ЖОҚ, Жоқ, жоқ
және ИӘ, Иә, иә.
Осындай күрделі шарт құрастырыңыз.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар өз жауаптарын тексерсін.


(Ө, Ө, қ) Тапсырма. Сауалнама. (көлемі бойынша дифференциация). Тақырыбы «Қазақстан»

* Дифференциация (көлемі бойынша). Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша сұпақтар қосуға болады.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін критерий бойынша өзара бағалауды ұйымдастырыңыз.

Сабақты қорытындылаңыз. Оқушыларға сабақ тақырыбына байланысты сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беріңіз.

Слайд 4

Слайд 5
Слайд 6

Слайд 7-8
Ресурс 1

Слайд 9-10



Слайд 11-12
Ресурс 2



Сабақ соңы



(ӨӨ) Кері байланыс.


Слайд 13

Дифференциация

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Поощрение правильных ответов. Оказание поддержки через организацию взаимопомощи. Дифференциация по объему и по сложности задания и при делении на группы.
Мақсатты көмек және оқушыларды қолдау. Тапсырмалардың көлемі мен күрделілігі бойынша және топқа бөлген кездегі дифференциация.

Өзін-өзі, өзара бағалау, қалыптастырушы бағалау

Активитилерді ауыстыру (танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әр түрлі формалары).


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет