САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән
|
Қазақ әдебиеті
|
|
Мұғалім
|
Тажигалиева Замзагул Тілепбергенқызы
|
Мектеп, сынып
|
Орал қаласы, ФМБ НЗМ,
12-сынып
|
Сабақ тақырыбы
|
М. Әуезов «Қарагөз» драмасы
|
|
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
А/И 7. Автор үлесі, пьеса тілі.
АИ6. Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.
БС2. Әдеби шығармалардағы ұлттық, ғаламдық тақырыптардағы астарлы және тура мағыналарды игеру.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Ұлттық классикалық туындыларда көтерілген мәселелерді түсінеді, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтарды байланыстыра алады, креативті тұрғыдан ой айтады, жазады, сөз құдіретін таниды.
|
Жетістік критерийлері
|
- Драмалық шығарманың тақырыбы мен идеясына анализ жасай алады;
- Жазушының «тіл мен құрылымды» қолдануына талдау жасай алады;
- Драмалық шығармадағы кейіпкерлер тілі арқылы тура және ауыспалы мағыналарды зерттей алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсаттар: Туынды – классикалық туынды екендігін негіздеу, жазушының тіл шеберлігін талдап, трагедиядағы басты тартыстарды түйіндейміз.
Пән лексикасы және терминология:
Реплика, ремарка, перде,көрініс, акті, бөлім
диалог, монолог, көрермен, қойылым, актер, тұлға, сахна, көрермен, қақтығыс, шиеленіс, тартыс
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Біздің ойымызша.....
Біз келісеміз...
Менің ойымша ...
|
АҚТ қолдану дағдылары
|
Bilimland.kz сайтының ресурстары
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих пәні
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
«Қарагөз» драма табиғатын игеру мақсатында драманың тілін талдады.
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
3 минут
|
Амандасу. Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау. Бүгінгі күндеріне сәттілік тілеу.
|
|
5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы
20 минут
5 минут
15 минут
15 минут
3 минут
|
Қызығушылықты ояту.
Сынып оқушыларын әдеби ұғымдар бойынша жұпқа бөлу (Кестедегі қима қағаздарды тарату, оқушылар жауаптарын сәйкестендіре жұптасады).
(11 оқушыға арналған)
------------көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі.
|
1. драма
|
Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі осылар арқылы дамиды. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын бұл диалог, кейде монолог түрінде болады. Ол терминді әдебиет теориясында----------------деп атайды.
|
2. реплика
|
Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ----------- деп атайды
|
3. ремарка
|
------ драматургиялық шығармаларда оқиға өрісін аңғартатын бөлім, біртұтас қимыл-әрекет. Белгілі үзілістен кейін бөлім жабылып, қайта ашылған соң оқиғаның жаңа өрісі, жаңа сатысы көрінбек.
|
4. перде
|
Драмадағы ең шешуші нәрсе-----.
Себебі,композициялық тұрғыдан алғанда драмада оқиғаның басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі болуы тиіс.
|
5. тартыс
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |