Сабақ тақырыбы М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын талдау (2-сағаты)



бет2/3
Дата12.02.2017
өлшемі1 Mb.
#8993
түріСабақ
1   2   3




Сабақтың мақсаты


1.Білімділік:

а) Сезіммен өлең өрген жыр пырағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын шығармасының идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы туралы теориялық білім беру.


ә) Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұрындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіру.
б) Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігін, қасиетін, киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның шынайы сезімін таныту.

2. Дамытушылық:

а) Оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу, сүйсіне білу сезімдерін ояту, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.



ә) http://bilimland.kz сайтының ресурстары арқылы оқушының сезіміне әсер ету, ақын шығармашылығына қызығушылығын арттыру;

3. Тәрбиелік: Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық талғамға, көркем шығарма арқылы табиғаттың сырлы көріністерін тамашалап, сұлулығын сезініп, қамқорлықпен аялай білуге тәрбиелей отырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.


Сабақтың түрі

Дәстүрлі емес сабақ


Сабақтың типі

Қорытынды сабақ


Пәнаралық байланыс

Экология, бейнелеу өнері, музыка


Сабақ көрнекілігі

Ақын суреті, http://bilimland.kz, iKitap сайттарының ресурстары, техникалық құралдар, интерактивті тақта, мультипроектор, «Ғасыр ақыны» көрмесі, тақырыптық суреттер, сызба- кестелер, кітап көрмесі.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, Қ. Бітібаева технологиясы, ой толғау, ой шақыру, топтастыру, еркін сөйлеу, пікірсайыс, теориялық талдау, мәнерлеп оқу, топтастыру.

Сабақ барысы


I.Ұйымдастыру кезеңі


А) Оқушылармен амандасу.

Ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, түгендеу, дайындығын қадағалау.




II.Үй тапсырмасын сұрау

А) Поэманың мазмұнымен танысу және үзінді жаттау

Ә) Бұл кімнің сөзі? Қай кез?






ІІІ. Жаңа сабақ


М. Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын талдау:

Әр ақынның өлең-өнер болмысында бір қасиеті өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда - ой, Мағжанда - махаббат, Қасымда - от, Мұқағалида - тазалық (қасиет деген ұғым) басымырақ болады.


Алдымен, экранға назар салайық.
Білімланд сайтының ресурсын пайдалану, http://bilimland.kz/kk/content/structure/1148-11_synyp#lesson=7955
Иә, табиғат ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді.

Табиғат


Жанымды алсаң,

Алшы менің,

Бір түйір жерге түскен, тамшың едім.

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің.

Артымда қалсын жерім,

Қалсын елім.

Мұқағали барлық өлеңін бойындағы сезімнің ағынымен тасқындата жазды. Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма “Аққулар ұйықтағанда» - ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.

Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев ағаларың былай дейді (үнтаспадан ақынның естелігі оқылады).

Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегіңде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңа Жетімкөлдің ерке аққуы, баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесі, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы анна елестеп, сен де аһ ұрасың.

(http://ikitap.kz/index.php/catalog/audio/5575-ajgul_ulkenbaeva_oryndauyndahy_kujler



А.Үлкенбаева «Аққу» күйін тыңдау, слайд көрсетіледі).





Каталог: upload -> content -> lesson -> 19502 -> media -> bba1b4a4a4c30e46c451396616f0790d
lesson -> Тажигалиева Замзагул Тілепбергенқызы Мектеп, сынып Орал қаласы, фмб нзм, 12-сынып сабақ тақырыбы М. Әуезов «Қарагөз» драмасы Осы сабақ
lesson -> Сабақ тақырыбы Оқушылардың жолда жүру ережесі
lesson -> Сабақ тақырыбы Тазалық Мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Инфекциялық аурулар Мақсат
lesson -> Сабақ тақырыбы Қазыбек бидің шешендігі Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Иммунитет түрлері. Житс-тің алдын алу шаралары Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Киім адам көркі
lesson -> Сабақ тақырыбы 7 санының құрамы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет