Сабақ тақырыбы М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын талдау (2-сағаты)



бет3/3
Дата12.02.2017
өлшемі1 Mb.
#8993
түріСабақ
1   2   3


ІV. Тапсырмалар орындау

1-тапсырма. Сәйкестендіру

Сюжеті

Оқиғалары



Оқиғаның басталуы

Ананы аққудың киесі ұруы

Аққулардың оралмай кетуі

Оқиғаның байланысы

Ананың аққуды

атуы


О

иғаның дамуы

Қарт жылқышының әңгімесі

Оқиғаның шиеленісуі

Тәуіп шалдың айтқаны

Оқиғаның шарықтау шегі

Жетімкөлдің табиғаты

Оқиғаның шешімі

Ананың көлге келуі
2-тапсырма. Поэманың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау

Теңеу

Эпитет

Тұрақты тіркес

Кейіптеу

Метафора















(Теңеу - Жаңбырдың тамшысындай;

Эпитет - Қатыгез, сұрқай ой, сұм жүрек, ақша бұлт;

Тұрақты тіркес - Ошақ қасы, от басы:

Кейіптеу - Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,

Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр.

Метафора - Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала, өмір – дария;).


3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс

Оқиға


Эпизодтар

Ақынның суреттеуі

Ана қайғысы

...Баласының ана отыр күйін бағып...


Жетімкөлге аттанған ана

...Балам өлсе, бақыттың керегі не?


Аққуды атқан ана

...Жаралы аққу секілді жаттың ба,

ана?



Мәтіннен үзінділер

Ой-түйін

...Асығыстық оларда болмайтұғын,

Қомағай көкқұтандар секілденіп,

Жалп беріп, жағаға кеп қонбайтұғын.





...Алаңсыз аққуларды атпасын деп,

Жатқа да дастарханды жайдым төрге.






...Көл бетінде,

Аққулар ұйықтап жатыр жер бетінде.






...Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар,

Тыныштығын олардың қашырмалық.






...Ию-қию көл маңы, астаң-кестең,

Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен...






...Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?






...Жасымнан естігенім бар-тын еді,

Әйтеуір, аққу атқан оңбайды деп.






...Өліп жатқан ұлына қарасын да,

Қалсын ана «Жетімкөл» жағасында,

Өлі менен тірінің арасында...





...Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

Шошыса, екінші рет оралмайды.






Жалпы, қазақ халқы ырым, наным-сенімге сенетін халық. Сол себепті қазақ аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады әрі оған ешқашан оқ атпаған. Аққу турасында ел аузында аңыз-әңгімелер көп, тіпті ақын-жазушыларымыз, әнші-сазгерлеріміз де қарап қалмаған. Мәселен, С. Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы», Қорқыт баба, Ықылас Дүкенұлының, Н. Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Б. Аюхановтың «Аққу биі» - халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігі мен құрметінің дәлелі. Мына бір аңызға сүйенсек: «Ертеде бір адам аққудың киелі екенін білмей оқ атады. Сонда аққудың сыңары өз қосағынсыз өмір сүре алмайтынын дәлелдеп, өзінің басын тасқа ұрып, өзін-өзі өлтіреді. Ал оқ атқан адам арада қанша жыл өтсе де, отбасын құра алмай, еш перзентсіз дүниеден жалғыз өтіпті» дейді. «Аққу - құстың төресі, жалғыз жатып оттамас» деген нақыл сөзден аққу сыңарынсыз өмір сүре алмайтынын көреміз. Аққуды тек қазақ халқы емес, басқа халықтар да дәріптеген. Мысалы: П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» атты шығармасы, сол сияқты Шекспирдің «Венеция көпесі» атты пьесасында аққу сұңқылдап ән салады. Тіпті аспан әлеміндегі шоқжұлдыздардың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Өзіміздің салт-дәстүрімізде «Аққу мойын» деп аталатын өрнек те бар. Аққуды атқан адам жамандыққа ұшырайды, өлген аққу жалғаспаған ұрпақты білдіреді.

Ал, ананың балаға деген махаббаты бәрінен де күштірек. Бұл жырда пақыр ана өз баласы үшін қасиетке оқ атады. Ананы бұған итермелеген - баласына деген асыл махаббаты. Тәуіптің сөзіне сенген ана, ақыр соңында, перзентінен де айырылып, есі ауып кетеді. Енді, балалар, жырдағы ана әрекетінің дұрыс-бұрыстығын талқыға салмақпыз.

Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?
4-тапсырма. Пікірсайыс

Ана әрекеті дұрыс па?

а) Иә

б) Жоқ
5-тапсырма.



Ой толғау

Шығармашылық жұмыс.

А) “Аққу –киелі құс”.

Ә) “Кейіпкерге хат”




V. Бекіту

А) Топтастыру әдісі


Ана Аққу


Ә) 1. Поэмадағы негізгі мәселе не?

2. Мен Мұқағалидан не таптым?


VІ. Бағалау, сабақты қорытындылау


Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.

(Мұқағали туралы слайд көрсетіледі).

Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай.

От боп жанып өтіп кеткен ақынға,

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай, - деп

Айтақын ағамыз жырлағандай, өлеңімен рухани азық, күш жинап, қажетіне қарай халқына бақыт сыйлаған ақиық ақынымыз бүгінде «Ғасыр ақыны» атанды. Өз сезіміне өзі өртенген Мұқағали жыры бүгінгі күні шартарапқа жыр шуағы болып төгілуде:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе, өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп жырлаған Мұқағали мұрасы - мәңгілік асыл мұрамыз.




VІІ. Үйге тапсырма


А) «Айдыннан ұшқан аққу-жыр»

Мұқағали туралы мәнжазба дайындау.



ә) Поэма мазмұны бойынша сурет салу.



Каталог: upload -> content -> lesson -> 19502 -> media -> bba1b4a4a4c30e46c451396616f0790d
lesson -> Тажигалиева Замзагул Тілепбергенқызы Мектеп, сынып Орал қаласы, фмб нзм, 12-сынып сабақ тақырыбы М. Әуезов «Қарагөз» драмасы Осы сабақ
lesson -> Сабақ тақырыбы Оқушылардың жолда жүру ережесі
lesson -> Сабақ тақырыбы Тазалық Мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Инфекциялық аурулар Мақсат
lesson -> Сабақ тақырыбы Қазыбек бидің шешендігі Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Иммунитет түрлері. Житс-тің алдын алу шаралары Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Киім адам көркі
lesson -> Сабақ тақырыбы 7 санының құрамы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет