Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Жаһандық, ысырап, дағдырыс, өндіру, тасымалдау, қажеттілігі, уланады, ахуал, бітеді, балама, көрсеткіш.
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: электр қуаты мен жылу, энергетика.
|
Бастапқы білім
|
Сауда жасау туралы айтады, ірі сауда орталықтары мен базарлар жайлы кеңейтілген ақпарат береді. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушының бастапқы білімін анықтай алады.
|
САБАҚ БАРЫСЫ
|
|
Сабақтың жоспар- ланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім ынтымақтастық атмосфе- расын орнату үшін «Мадақтар бұрқасыны» тәсілін қолданады. Оқушылар 1-1,5 минутта бір парақ қағазға ұстазынан естігісі келетін мадақтарды жа- зады, көршісімен алмасып, бір-бірінің жазғандарын оқып береді.
Қызығушылық ояту. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан жаһандануға қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды: Балалар, сендер жаһандануды қалай түсінесіңдер? «Жаһандану» сөзіне ассоциаграмма құрғызады.
Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. Мұғалім «Ойлан, тап!» тәсілін пай- даланып, берілген тапсырманың шарты бойынша оқушылар сұрақтарға жа- уап береді, суреттерге қарап, қандай зат екенін анықтайды, бұл заттардың адамзатқа не үшін қажет екенін дәлелдейді (1, 2-тапсырмалар).
Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады. Орыс тілінде берілген
мәтінді оқиды, түсінгенін қазақ тілінде айтады (3-тапсырма).
|
|
|
Дескриптор:
- оқушылар сұраққа толық жауап береді;
- суреттерде бейнеленген затты сипаттайды.
- жаңа сөздерді үйренеді;
- сөздік жұмысын жүргізеді;
- түсінігін айтады.
«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады.
Тілдік бағдар. Публицистикалық стиль, оның ерекшелігі туралы шағын ақпарат береді, жасалу жолдарын түсіндіреді, мысал келтіреді.
Кері байланыс. «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы грамматикалық тақырып
бойынша бір-біріне сұрақ қойып, білімін толықтырады.
|
|
Сабақтың ортасы
|
Мәтінмен жұмыс. 4, 6, 7-тапсырмалар. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқулықта берілген мәтінді оқытады. Оқушылар мәтінді түсініп оқиды, стилін анықтайды, «INSERT» стратегиясын пайдаланып, әр ойбөлікке белгі қояды, «Жинақтау кестесін» толтырады (1-бағанға
мәтіндегі тірек сөздерді, 2-бағанға тірек сөзбен байланысты сөз тіркесін,
3-бағанға тірек сөзді өзі бұрыннан білетін басқа сөзбен тіркестіріп жазады).
Дескриптор:
- ақпаратты талдайды;
- мәтінді өз сөзімен баяндайды;
- мәтіннен қажет ақпаратты алады;
- «Жинақтау кестесін» толтырады;
- өз ойын қорытады.
Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.
Кері байланыс. Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар болды?
|
Достарыңызбен бөлісу: |