Сабақ тақырыбы Металдар тақырыбын қорытындылау Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата08.06.2018
өлшемі91 Kb.
#42079
түріСабақ
Бекітемін :

Күні

10- сынып

Сабақ тақырыбы  Металдар тақырыбын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:  Білімділік:Оқушыларды ынтымақ бірлікке, тез ойлауға және белсенділікке дағдыландыру, теориялық білімдерін бір жүйеге келтіру.

Дамытушылық:Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге баулу, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс- жүзінде қолдана білуге үйрету; жаңа комьпютерлік технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілік:Туған жер қойнауының байлықтары туралы оқушылардың білімін кеңейтіп, аялауға тәрбиелеу.


Сабақтың тәрбиелік мәні: оқушылардың шығармашылық біліктілігін дамыту
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: металдар коллекциясы, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау.

Металдар тақырыбын қорытындылау мақсатындағы білім байқауы оқушылар арасында жарыс  (топтық жарыс), танымдық тапсырмаларға құрылған сауалнама сұрақтар қою, сұрақ-жауап немесе дидактикалық ойындар арқылы өткізілді. Сынып үш топқа бөлінді.

Iкезең Кім көп біледі?

 Металдарға  байланысты сұрақтар слайдтар түрінде көрсетіледі



1

Қандай  металдар  сілтілік жер  металдарына жатады?

Кальций, стронций, барий, радий

2

Алюминий неліктен ауада таттанбайды?

Оттекпен әрекеттекенде оксидтік қабықшамен қапталады.

3

Калий тұздарын қайда қолданады?

Минералды тыңайтқыштар ретінде

4

Судан екі есе жеңіл металл?

Литий


IІ- кезең Тіл- өнер

Мұғалім:Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өну көзі- оның тамыры, адамның санасының даму көзі-оның тілі. Бүгінгі таңда дамыған елдің азаматтарына 3-4 тіл білу міндет, ендігі кезең тіл-өнер. Анограммадан сөз құрастырып, қазақша, орысша, латын, халықаралық атауын беру, формуласын жазу, салыстырмалы атомдық массасын айту .



«Темір» тобына

РОЫНҚАҒС- қорғасын, свинец, плюмбум Рb 207



«Алтын» тобына

АСПЫН- сынап, ртуть, гидраргирум 201



«Берилий» тобына

АЫҚЙАЛ- қалайы, олово, станум 119



ІІІ. Байқаулар.Сіз металл қосылыстарын білесіз бе?

HCl, MgSO4, CaO, CuCl, Fe2O3, AlPO4, H2CO3, MgO, HF, Fe(OH)2, Al2(SO4)3, Mg(OH)2, H2O, Fe(OH)3, Al(NO3)3, MgCl2, Al2S3, MgCO3, Fe2(SO4)3, MgSiO3, NH3, ZnCl2, Al2O3, Na2O.



І V. «Химиялық лото» сайысы.Металдың химиялық қасиеттеріне негізделген лото ойыны.Тапсырма. Ойын картасында заттардың 12 комбинациясы және 12 сәйкес реакциялардың шыққан өнімдері жазылған карточкалар берілген. Осы реакцияларды сәйкестендіріп коэффициенттерін қойыңыздар.

Fe+Cl2 =

Zn+ H2SO4=

2Na+Cl2=

K+H2=

2HCl+Mg=

Ca+N2 =

CuSO4+Fe=

Al+S=

Mg+O2=

Fe+HCl=

2HBr+Mg=

Na+HOH=























































































































Al2S3







Ca3N2







KH


































MgCl2+H2







MgO







2 FeCl3

 



































2NaCl







NaOH+ H2







FeCl2 +H2

 
































MgBr2+ H2







ZnSO4+ H2







FeSO4+Cu↓



 

V. «Химиялық эстофета» сайысы.

Тапсырма. Берілген сызба-нұсқаны пайдаланып, сәйкес химиялық реакциялардың теңдеулерін құрыңыздар, алынған заттарды атаңыздар.

Mg→MgO→Mg(OH)2→MgCl2

Ca→CaO→Ca(OH)2→CaCO3→CaO

Fe→Fe2O3→Fe(OH)2→Fe(OH)3→FeCl3

Әрбір топтан бір-бірден оқушы шығып жазады.



Әрбір дұрыс жазылған химиялық теңдеуге, топқа І балдан қойылады

VI. «Шаршылар мен нөлдер» сайысы.


Be

N

Na

C

Mg

Si

Al

Cl

Fe
А)                                                      ә)                                                               б)

Zn

Cl

Al

Be

Mg

Ca

     Si

S

Na
































Mg

Ar

Ni

Na

Zn

Cu

Cl

Ba

Zn
       

 

Тапсырма. А) негізгі топша элементтері. Ә) периодтық жүйеде қатар орналасқан элементтер. Б) бір периодтық элементтері орналасқан торкөздерді шаршылай (крест-Х) сызып, ал сәйкес келмейтіндерге нөл қойыңыздар.



VII. «Элементке сипаттама бере аласыз ба?» сайысы.

Топ жетекшілері «Мен қандай элементпін» тақырыбымен магний, кальций, алюминий элементтеріне сипаттама береді.



VІІІ. «Біз металдар туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?» сайысы.

1.«Темірді қызған кезінде соқ». 2. «Алтын-күміс тас екен, арпа-бидай ас екен». 3. «Жылтырағанның бәрі алтын емес». 4. «Темірсіз халық, тұзсыз тағам болмайды». 5. «Егер сен нағыз адам болсаң, болаттай берік бол». 6. «Ас сөз алтын, көп сөз күміс» . 7. «Ақыл арымас, алтын шірімес». 8. «Алтынды еіте білген ірітер, теріні илей білмеген шірітер». 9. «Мылтықтың күмісін айтпа, тиісін айт». 10. «Аспанда ай әкім болса, жердегі адамның әкімі күміс».



ІХ. «Кім жылдам» сайысы (сауалнама сұрақтары).

1. Ең жеңіл металл (литий)

2. Ең ауыр металл (осмий)

3. Ең тез балқитын металл (цезий)

4. Ең қиын балқитын металл (вольфрам)

5. Шаршамайтын металл (бериллий)

6. Латуньның құрамына кіретін металл (мыс, мырыш)

7. Ауада жанатын сілтілік металл (цезий)

8. Қанның құрамына кіретін металл (темір)

9. Қандай металды Чернишевский социолизм металы деп атады? (алюминий)

10. Жеті ғаламшарды алхимиктер жеті металға теңеген. Осы жеті металды атаңыздар. (алтын, күміс, мыс, темір, қалайы, қорғасын, сынап)

11. Қандай металдарды «Салқын сумен» жандыруға болады? (калий, рудий, франций, цезий)

12. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл (калий)

13. Өнеркәсіптің негізгі металы (темір)

14. V-топтың элементі, металл (виямут)

Қай топтың оқушылар тез жауап берсе, сол топқа үш ұпай қосылады.



Үйге тапсырма металдар тарауын қайталау

Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет