Сабақ тақырыбы Модуль /пән атауы: «Жалпы гигиена» Мамандық : 09130100 «Мейіргер ісі»


Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі



бет2/8
Дата25.09.2022
өлшемі31,78 Kb.
#150677
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі.
3. Сабақты жабдықтау: кестелер, микроорганизмдердің суреттері, плакаттар, үлестірмелі жабдықтар.
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер: Материалды-техникалық жабдықтау Торгаутов Б.К. «Жалпы гигиена»Пивоваров Ю.П. «Гигиена и основы экологии человека»
1.12.1.Қосымша әдебиеттер:Большаков А.М,МаймуловВ.Г. Сералиева М. Ш «Коммуналдық гигиена»
1.12.2.Сералиева М. Ш «Коммуналдық гигиена пәнінен практикум»
1.12.3. Интернет-ресурс.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар: Ноутбук, теледидар.
4. Сабақтың барысы:
Табиғи-тарихи зат ретінде топырақы зерттеудің негізін ұлы орыс ғалымы В.В. Докучаев (1846–1903) қалаған. Ол алғаш рет топырақ деп бір қатар факторлардың: климат, өсімдіктер, рельеф, топырақ ағзаларының бірлескен әсерінен өзгерген тау жыныстарының сырттық өкжиегін атау керек деп көрсеткен. Осылайша, топырақ — физикалық, химиялық, биологиялық және техникалық факторлардың әсерінен тізілген жер қабығының құнарлы қабаты. Құнарлылығы барлық басқа жер қыртысынан ерекшелендіретін қасиеті. Топырақ - ұлкен табиғи зертхана, онда фотохимиялық ұрдістер, органикалық заттардың ыдырауы мен тұзілуінің әр тұрлі кұрделі ұрдістері ұздіксіз жұріп жатады.
Топырақтың гигиеналық маңызы.
Тұрғындар денсаулығы үшін топырақтың маңызы өте зор. Ол адамның тіршілік етуі мен өмір сүру ортасында түрлі жағдайларды қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Топырақ адамға қажетті өсімдік текті азық өсірілетін және жануар текті азықтың біраз бөлігі алынатын, осыған байланысты оның құнарлылығы аса маңызды болып саналатын қоршаған ортаның объектісі болып табылады. Топырақ үнемі биологиялық ластануға ұшырап отыратындықтан, жұқпалы және паразиттік аурулардың берілу факторы бола алады.Топырақта – орасан зор табиғи биохимиялық зертханада – топырақ организмдерінің қатысуымен үнемі органикалық заттардың ыдырау және жаңа протеинді кешендердің синтезделу үрдістері жүзеге асып отырады, нәтижесінде топырақтың құнарлылығы артады. Өздігінен тазару үрдісінде патогенді микрофлора жойылады. Топырақтың өздігінен тазару қабілеті сұйық және қатты қалдықтарды залалсыздандыру және өңдеп, қайта пайдаға асыру үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет