Топырақтың эпидемиологиялық ұлкен маңызы бар. Онда көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары және гельминт жұмыртқалары мен құрттары болып, адамға беріле алады. Ішек жұқпаларыны топырақ арқылы берілуі кұрделі жолмен жұреді. Ең қарапайым жолы — жұқпалы топырақпен ластанған қол арқылы. Мысалы, балалар мекемесінде 36 кұн ішінде 60% балаларды
қамтыған іш сүзегі эпидемиялық бұрқ етпе(вспышка) жағдайы белгілі. Инфекция ойнайтын құм арқылы берілген. Көбіне инфекция науқас ағзасы (инфекция көзі) — топырақ— өсімдік тектес азық өнімдері — қабылдайтын ағза; науқас ағзасы — топырақ— жер асты сулары — қабылдайтын ағза жолының бірімен беріледі. Патогенді микроағзалар топыраққа адамдар мен жануарлардың физиологиялық бөлінділерімен, қалдық сулармен, өлік денесімен т.б. тұседі. Таза, ластанбаған топырақ патогенді спора түзбейтін микробтар ұшін қолайсыз орта болып табылады. Соған қарамастан, топырақта, әсіресе органикалық ластанған топырақта олар тіршілігін ұзаққа сақтайды. Мысалы, іш сүзегі тобының бактериялары 400 күн, дизентерия — 100 күнге дейін, полиомиелит, Коксаки вирусы — 150 күн, аскарида жұмыртқалары — 1 жылға дейін топырақта сақталады.
Газды гангрена, тырысқақ, бірқатар токсико-инфекция қоздырғыштары ұнемі топырақты мекендеушілер болып табылады. Сібір жарасының споралары топырақта ондаған жылдар бойы тіршілігін сақтай алады. Pәсімдік тектес және жануар тектес өнімдер топырақпен ластанса ботулин токсиндерімен улануға (ботулизм) келеді. Әсіресе аскаридоз бен трихоцефалездің таралуында топырақтың орны ерекше. Онда жұмыртқалардың инвазиялы
кезеге дейін жетілуі жұреді, ары қарай топырақпен ластанған көкөніс, су және топырақ шаңы, шыбындар арқылы ағзаға тұседі. Биогельминттерді— шошқа және сиыр цепенінің тарауында топырақ ұлкен рөл ойнайды. Жұмыртқалар паразиттерді жұқтырған адамның ішегінен нәжіс арқылы топырақ, одан мал азығына түсуі мұмкін. Мал ағзасына түскен жұмыртқалар дернсілдерге айналып, көбіне бұлшық етерді мекендейді. Адам жұқпалы сиыр мен шошқа етін азы ретінде пайдаланып, гельминттерді қайта жұқтырады.