Сабақ тақырыбы Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу


Топта талқылауға келесі тапсырма-5 ұсынылады



бет4/5
Дата17.04.2023
өлшемі1,25 Mb.
#174763
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 -shamalar-arasynday-tueldilikter-nsa2

Топта талқылауға келесі тапсырма-5 ұсынылады.
5-суретте А және В пунктінен шыққан жолаушының қозғалыс графигі кескінделген.
Берілген график бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз.

5-сурет.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін топтар сұрақтарымен алмасады және басқа топтың дайындаған сұрағын алып жауап береді.
Әр топ басқа топтың жазған жауабымен өз жауаптарын салыстырады.Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесі бағаланады.
Жеке жұмыс.
Тапсырма 6.
№1.
6-суретте катердің Аайлағынан В айлағына барып қайту графигі кескінделген.
6-сурет.
График бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. А және В айлақтарының арақашықтығы неше километр?

  2. Не себепті f(4) = f(6)?

  3. Катердің ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығы сағатына неше километр?

  4. Катердің ағыспен жүзгендегі жылдамдығы сағатына неше километр?

  5. Катердің меншікті жылдамдығы қандай?

  6. Ағыс жылдамдығы қандай?

№2.
3-суретте жаяу адамның (АВ) және велосипедшінің (СД) қозғалыстарының графиктері көрсетілген.
7-сурет.

График арқылы келесі сұраққа жауап беріңіз:



  1. Жаяу адам қанша уақыт жолда болған?

Велосипедші ше?

  1. Жаяу адам қанша жол жүрген?

Велосипедші ше?

  1. Жаяу адам қандай жылдамдықпен жүрген?

Велосипедші ше?

  1. Жаяу адамның 2 сағатта жүрген жолы велосипедшінің сонша уақытта жүрген жолынан неше есе кем?

Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Әр оқушы есепті өз таңдаулары бойынша шешеді. Тапсырманы шешу жолын жұбына түсіндіреді. Егер қате жасалса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі.
Қосымша тапсырма.
Балықшы үйінен шығып, көлге барып балық аулаған. Сонан соң үйіне қайтып келген. 8-суретте балықшының қозғалыс графигі көрсетілген.
8-сурет.
График бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Үйінен көлге дейінгі қашықтық қандай?

  2. Балықшы көлге дейін неше сағат жүрген және кері қайтқанда неше сағат жүрген?

  3. Балықшы көл жағасында қанша сағат болған?

  4. Үйінен шыққаннан соң 1 сағаттан кейін балықшы үйден қандай қашықтықта болған?

  5. Үйден шыққаннан кейін неше сағаттан соң балықшы 14 км қашықтықта болған?

  6. Балықшының көлге барып қайтқандағы орташа жылдамдығы қандай?

Қосымша 1.

Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2. – Изд. 2-е, перераб./ Г.В. Дорофеев, Л.Г. Петерсон. – М.: Издательство «Ювента», 2010. -128с: ил.


Қосымша 2.

Қосымша 3.


Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6.


Қосымша 4.

Қосымша 5.

Қосымша 6.


Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6.



Қосымша 7.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет