Сабақ тақырыбы Натурал сандардың ге, ке, 10 ға бөлінгіштік белгілері



бет3/13
Дата25.09.2023
өлшемі69,87 Kb.
#182434
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
5 сынып Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 – ға бөлінгіштік белгілері

Сабақтың ортасы

(15 минут)


(3 минут)
(10 минут)

Тақырып мазмұнына қысқаша шолу.
Сандардың жазылулары бойынша, бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп аталады.
І. 2 санына бөлінгіштік белгісі.
2 cанына еселік сандар:
2, 4, 6, 8, 10, 12, …
2 санына еселік сандардың жазылуы 0, 2, 4, 6 және 8 цифрларының бірімен аяқталады.
0, 2, 4, 6 және 8 цифрлары жұп цифрлар деп аталады. 2-ге еселік сандардың жазылуы жұп цифрлардың бірімен аяқталады. 1, 3, 5, 7 және 9 цифрлары тақ цифрлар деп аталады.
Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді.
Мысалы, 18:2=9; 104:2=52; 1376:2=688.
2-ге бөлінетін сандарды жұп сандар деп атайды.
Жұп сандардың жазылуы жұп цифрмен аяқталса, тақ сандардың жазылуы тақ цифрмен аяқталады.
2-ге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды. Мысалы, 10, 12, 24, 36, 58 сандары-жұп сандар, ал 11, 33, 45, 57, 79,…сандары тақ сандар.
ІІ. 5 санына бөлінгіштік белгісі. 5 cанына еселік сандар: 5, 10, 15, 20, 25, … . Бұл сандардың жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталады. Онда 5 санына еселік сандардың ортақ белгісі олардың жазылуының 0 немесе 5 цифрларының бірімен аяқталуы болып табылады.
Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар ке бөлінеді.
Мысалы, 125:5=25; 220:5=44; 1000:5=200.
ІІІ. 10 санына бөлінгіштік белгісі. 10 санына еселік сандар: 10, 20, 60, 100, 750, 1000, … . Бұл сандардың барлығының жазылуы 0 цифрымен аяқталады.
Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді.
Мысалы, 30:10=3, 120:10=12, 1070:10=107.
10=2 болғандықтан, 10-ға бөлінетін сандардың барлығы да 2-ге де, 5-ке де бөлінеді. Мысалы, 80=8 онда
80:10=8, 80:2=40, 80:5=16.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет