Тақырыпқа алдын ала дайындық тапсырмасы. 1. 10 нан 30-ға дейінгі сандардың ішінен 2-ге еселік сандарды атаңдар. Бұл сандардың соңғы цифрлары қандай цифрлар?
2.10 нан 40-қа дейінгі сандардың ішінен 5-ке еселік сандарды жазыңдар. Бұл сандардың соңғы цифрлары қандай цифрлар?
3.146, 160, 213, 230, 381, 450 сандарының қайсысы 10-ға бөлінеді? Қайсысы 10-ға бөлінбейді? Айырмашылықтары неде?
слайд
Сабақтың ортасы ( 5 минут) Мағынаны тану
(15 минут)
(3 минут) (10 минут)
Тақырып мазмұнына қысқаша шолу. Сандардың жазылулары бойынша, бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп аталады.
І. 2 санына бөлінгіштік белгісі. 2 cанына еселік сандар:
2, 4, 6, 8, 10, 12, …
2 санына еселік сандардың жазылуы 0, 2, 4, 6 және 8 цифрларының бірімен аяқталады.
0, 2, 4, 6 және 8 цифрлары жұп цифрлар деп аталады. 2-ге еселік сандардың жазылуы жұп цифрлардың бірімен аяқталады. 1, 3, 5, 7 және 9 цифрлары тақ цифрлар деп аталады.
Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді. Мысалы, 18:2=9; 104:2=52; 1376:2=688.
2-ге бөлінетін сандарды жұп сандар деп атайды.
Жұп сандардың жазылуы жұп цифрмен аяқталса, тақ сандардың жазылуы тақ цифрмен аяқталады.
2-ге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды. Мысалы, 10, 12, 24, 36, 58 сандары-жұп сандар, ал 11, 33, 45, 57, 79,…сандары тақ сандар.
ІІ. 5 санына бөлінгіштік белгісі. 5 cанына еселік сандар: 5, 10, 15, 20, 25, … . Бұл сандардың жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталады. Онда 5 санына еселік сандардың ортақ белгісі олардың жазылуының 0 немесе 5 цифрларының бірімен аяқталуы болып табылады.