Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ
|
Мектеп: З.Қабдолов атындағы №40 жалпы білім беретін мектебі
|
Күні: 04.10.2023
|
Мұғалім: Ерғазы Динара
|
|
|
Сынып: 4 ж
|
Оқушылар саны:10
|
|
Сабақ тақырыбы:
|
Құндылықтар. Әдепті бала
|
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары:
|
4.3.1.1* мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.5.1.2* көптік/тәуелдік/септік/ жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
|
Сабақ мақсаты:
|
мәтіндегі негізгі ақпаратты түсіну;
кейіпкерді анықтау, мінездеме беру;
негізгі ойды анықтау.
|
Бағалау критерийлері
|
кейіпкердің іс –әрекеті арқылы мінезін анықтайды;
мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
кейіпкерге баға береді.
|
Құндылықтарды
дарыту
|
қазақ тілінде сөйлеуге, ойын еркін жеткізуге тырысады;
жұптық,топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;
адамдарға құрмет көрсетуге, еңбекті бағалауға дағдыланады.
|
АКТ қолдану
|
тыңдалым мәтіні
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы және терминология:
әдепті, тәрбиелі, алғыс, ұят, қарт, қасиет
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
менің ойымша, себебі, дәлелдеймін .....
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
|
Жоспарлан-ған уақыт
|
Іс-шаралар
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
| Құндылықтар картасын толтыру. Жұптық жұмыс.
Оқушылар картаның ішіне құндылықтарды жазады (адами құндылықтар, отбасылық құндылықтар ... )
|
слайд
|
Негізгі бөлімі
5 минут
10 минут (тыңдау, кестені толтыру, кері байланыс)
10 минут (ақпаратты қолдану, мінездеме беру)
10 минут (сөйлем құрау)
|
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже талқыланады.
Тыңдалымалды тапсырмасы.
А) берілген сұрақтарға жауап береді, өз ойларны айтады;
В) үлгі арқылы сөйлемді толық айтуға дағдыланады.
Әдептілікке байланысты қандай сөздерді білесіңдер?
Әдепті балалар қандай болады?
Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Тыңдалым мәтіні.
Арман мен Аян қаланың ортасындағы бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды. Бір мектепте оқитындықтан жолдары да бір. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Бір аялдамадан соң, алдынғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп бір әжей кірді.
Аян әжейдің қасына келіп:
-Әже, мына орынға отырыңыз,-деді
Арман болса қарт адамды көрмегенсіп, автобус терезесін өрнектеген қырауды саусағымен шимайлап, теріс қараған күйі отыра берді.
Екі аялдамадан кейін әжей орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға ұсынды.
- Мә, қалқам, ала ғой.
- О не дегеніңіз, рақмет, әже !
- Алманы орының үшін беріп тұрғаным жоқ . Әдептілігіне сүйсінген алғысым ғой,-деді әжей Аянға күлімдей қарап.
Аян мен Арман автобустан түсіп, мектепке бет алды. Аян алманы жеп келе жатып, төңірегіне көңілдене қарайды. Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса, тұтас жеп қоюға қысылып келеді.
Тыңдалым тапсырмасы. Жеке жұмыс.
А) Мәтінді тыңдап отырып, кейіпкерді, оқиғаны, оқиға орнын анықтайды;
В) жұбына жұмысты оқып, өз жұмысын толықтырады.
кейіпкерлер
|
|
оқиға
|
|
оқиға орны
|
|
құндылық
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |