Біліктілік: Шамалардың өзгерісінің сан мәнінің жазылуымен оқылуын таныстыру. Оң сандар мен теріс сандардың анықтамаларымен таныстыру.
Дамытушылық:Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және ойдан ой туындатуға, әр сөзді, айтылған ойды дәлелдеуге үйрету.
Кейбір шамалардың тура мағынасы, тура бағыты болуымен қатар, қарама-қарсы бағыты болады.
Өлшеу, есептеулер жұмыстарында шамалардың тура мағынасындағы өзгерістердің сан мәні мен қарама қарсы мағынасындағы өзгерісінің сан мәнін ажырата білу қажет.
1 мысал: Іле Алатаудағы Талғар шыңы теңіз деңгейінен 4973м биіктікте жатыр.
Ала Қара теңіздің ең терең жері теңіз деңгейінен 2210м төмен.
Теңіз деңгейінен жоғары биіктік «+» таңбалы санмен жазылады, ал теңіз деңгейінен төменгі тереңдік «-» таңбалы санмен жазылады.
Демек, Талғар шыңының биіктігі + 4973 м ( плюс 4973 метр деп оқылады).