Сабақ Тақырыбы: Оркестрге үн берген аспап Класы: 4 Өткізген: 26. 12. 2015 Т. А. Картанов Музыка пәні мұғалімі



бет2/2
Дата28.06.2017
өлшемі211,1 Kb.
#20474
түріСабақ
1   2

Домбыраның құрылысы

Қазақтың қара домбырасы – қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. Домбыраның қазақ тарихында алар орны өз алдына, мәні мен мазмұны, өзіндік қасиеті тым биік. Домбыра әр қазақтың жүрек пернесін шертер күй болып төгіледі, әсем әнге сүйемел болады, өсиетті жыр-толғауларға арқау болады, термелерді тербейді.  Қазақ даласында қалыптасқан күй мектебі осы күнге шейін өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Күй атасы Құрманғазы дүниеге келген батыс топырағынан қаншама күйшілер шығып, әлемді мойындатты.  Домбыра ХХІ ғасыр бренді. Шығыс халықтарының әрбірінде домбыраға ұқсас бірнеше ішекті аспаптары бар, бірақ қазақ үшін домбыраның орны әрдайым өзгеше.Құрлысы: Бас, құлақ, шайтантиек, мойын, перне, шанақ, қақпақ, тиек, түйме, астыңғы ішек, үстіңгі ішек. Домбыра — ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Домбырыда күй, терме, ән қосылып орындалады. Күй, терме – қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады. Домбыра екі, кейде үш шекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде танымал. Қазақ жерінін әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі ағаштарын пайдаланған.


Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасады. Алғашқы кезде перне саны 5 - 7 дейін болса, кейін 9 - 19 дейін жеткен. Қазақстан жерінде домбыра пішіні түрлі болған.

Енді балалар домбыра аспабының қасиеттілігі қандай екенін айтайық.

Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді.
Домбыра – шежірені білуді талап етеді
Домбыра – адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.
Домбыра – иманды болуға жол ашады.
Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді.

Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.




Музыка тыңдау:

Құсайынов «Мереке»



«Бұл қай аспап»? ойыны.

Дидактикалық ойын «Жоғалған нотаны тап»

До, Ре, Соль, Си, Ля .... ....

Соль, Ля, Си, До, Фа .... ....

Соль, Си, До, Ре, Ми .... ....

Ре, Ми, Соль, Ля, Си .... ....

Ля, До, Ми, Фа, Соль .... ....

Ми, Фа, Соль, До, Ре .... ....

Си, Ля, Фа, Ми, Ре .... .....



Музыкалық сауат:

Соль – нотасы екінші сызықтың бойында орналасады.



Музыкалық диктант:  до, ми, фа, ре, ми, ре, соль, ми, до.

Сабақты қортындылау: Оркестр құрамындағы аспатарды қайталау.

IV.Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың білімін саралап тиісті бағасын қою.

Үйге тапсырма беру:  «Оркестр құрамындағы аспаптар» оқу

                                       Музыка аспаптарының суретін салу.



                                       «Соль» нотасына байланысты жасырын сөздерді жасап келу.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет