Сабақ тақырыбы «Құпия әуен»



Дата31.12.2019
өлшемі108,08 Kb.
#54616
түріСабақ
«Алтынсарин орта мектебі»ММ

Ашық сабақ тақырыбы

«Құпия әуен»

4 «А»сынып

Бастауыш сынып мұғалімі:Мурзабекова Б.Б.

2016-2017 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Құпия әуен.

Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұны мен идеясын кейіпкер әрекеті арқылы ашуға жағдай туғызу.Аңыз әңгіменің ерекшелегінің байқауға мүмкіндік беру. Мәтінді өзбетімен оқып, түсіндіру жолдарын ойлауға мүмкіндік беру, шығармашылық қабілеттерін,

дағдыларын дамыту, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Мәтіннің идеясы арқылы шыққан ұлттық құндылықтарымызды естен шығармауға, ең бастысы тарихымызды тануға, оқуға, жадында сақтауға баулу.



Сабақты өткізу технологиясы:  «Кубизм»,  «топтастыру»,  «бес жолды өлең», «INSERT» стратегиялары,

Сұрақ – жауап әдістері.



Сабаққа қажет құрал – жабдықтар: Маркер, плакат,кеспе карта, гүл т.б

Сабақтың барысы:



І. Психологиялық сәт:

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып –тыныш.

Амансың ба,достарым!

Амансың ба,қонағым!

Амансың ба,ұстазым!

Бүгінгі күн бәріңдіде қуантсын!

ІІ. Үй жұмысын сұрау: Тақтада гүлдің суреті ілініп тұрады. Әр бала өзіне ұнаған гүлдің күлтесін алады, артына жазылған сан бойынша сұраққа жауап береді.

а)  Әңгіме қалай басталады?

ә) Аққошқар батыр ат басын қайда әкеліп тірейді?

б) Домалақ анағаАққошқар батыр не айтты?

в) Батырлар Домалақ анаға неге таң қалды?

г) Қуғыншыларға анамыз не айтты?

ғ) Домалақ ана  «құрайт» салғанда не болды?

д) Аққошқар батыр не деп ақырды?

е) Домалақ ана қандай адам?

 ІІІ. Топқа бөлу: Алған гүлдің күлтелерінің түстеріне орай топқа бөлінеді.

Топбасшыларын сайлау (бағалау парағын тарату)

Қызығушылықты ояту:

-Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

- Күйді қандай аспапта ойнайды?

-Күйді кім шығарады?

- Қандай композиторларды,күйшілерді білесіңдер? (музыка сабағына саяхат) (презентация)


-Балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

«Күй – көне музыкалық шығарма» 

Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері.Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен  арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.

Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды.

ҮІ. «Құпия әуен» мәтінінімен танысады.Мәтіннің авторы М.Әбілұлының өмірбаяны, еңбекжолы жайындаайту.

ҮІІ. Мәтінді бес балаға абзац бойынша бөлемін.

Белгілі уақыт беріп, Оқып, түсінгендерін басқа оқушыларға түсіндіре білуге жағдай жасау. Әр топтың басшысы айтып, түсіндіреді,қалған сол топтың баласы ойын толықтырады. 
1 топқа, жасыл күлтелерді – 2, сары күлтелерді бөлдім.
ІҮ.Күй тыңдау: Құрманғазының күйі «Адай» ды тыңдатамын.

Ү. Топтастыру жұмысы: 1 топ«Күйден алған әсерім» маркер мен плакат беріп,топтастыру жұмысын жүргізу.

ХІ.  2 – топ «Күй» сөзіне 5 жолды өлең жазғызу.

Күй

Әсерлі   Көңілді



Шаттандырады   Рухтандырады   Жігерлендіреді

 Халық күйді түсіне білген.

Әуен
ҮІІІ.Сөздік жұмысы:

Шолғыншы – айналаны бақылаушы ,хабар беруші

Жер қайысқан қол – көп әскер

Барлаушы – елші

Жаба тауы – Жетісу (жоңғар)тауы. Жаба тауы жайында қысқаша айтып өту.

Сергіту сәті

топпен жұмыс сурет салу1- топ домбыра

2 топ қобыз

ХІІІ. Қорытынды: Күйдің құдіреті туралы ойын жазғызу. Күй жылағанды жұбатады, қуантады.

Ынжықты жігерлендіреді,  Жалқауды еңбекқор атандырады. Қандай еліміздің күйшілерін білеміз? Қандай аспаптармен күй тартады?



ХІҮ. Үйге тапсырма:  Күй туралы эссе жазу.

ХҮ. Бағалау: Сабаққа қатысқанына қарап бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 06b8
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06b8 -> Жүргізуші коуч Макашова Лиза
06b8 -> Қалалық, облыстық семинарлар, сайыстар, конференциялар Қашан?
06b8 -> Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері. Сабақтың мақсаты
06b8 -> Сабақ № Сыныбы: 7 Пәні: Қазақстан тарихы Күні: 11. 02. 16ж Уақыты
06b8 -> Сабақ ЖОСПАРЫ сабақ: Unit New technology
06b8 -> Сабақтың мақсаты: Ет және ет өнімдерінің сапа, таңба, орау және сақтау талаптарының ерекшеліктерін оқып үйрену
06b8 -> «Арлан» әскери-патриоттық клубы Жетекші АӘД пәні мұғалімі: Р. Кусманов Сарытоғай ауылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет